×
514.94
583.74
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.94
583.74
6.13

"Оптом тұсау кесемін" деп жар салған депутат Мұқаев сынға қалды

13.04.2025, 12:25
"Оптом тұсау кесемін" деп жар салған депутат Мұқаев сынға қалды
Ашық дереккөзден

Қазақстандық журналист "тұсау кесемін" деп, хабарландыру берген Мәжіліс депутатын сынады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Instagram-дағы парақшасында сәуір айында "оптом" тұсау кесемін деп хабарландыру берген. Мұны естіген 50 адам кезекке тұрған. Депутаттың өзі мұнша адам 12 минуттың жазылып үлгергенін сүйіншіледі.

Сондай-ақ Мұқаев оқырмандарына келесі тұсау кесу рәсімі Астанада мамырда болатынын құлаққағыс еткен.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ СЫН

Қазақстандық журналист Диас Нұрақын Facebook-тегі парақшасында депутатты сынап жазба жариялады.

– Депутаттың деңгейін қараңыздар? Өзін қоғам қайраткері секілді сезініп жүр. Асанәлі Әшімов, Гена Головкин, Елдос Сметов сияқты танымал болса ше, шіркін?! Дәулетке тұсау кестіру дым да мәртебе емес қой. Мына бала тұсау кескені үшін қаламақы сұраса да, таңқалмаймын. Әлде әркімнің қалтасына қарай көсіліп жапқан шапанын, символикалық сыйлық деп ұсынған нан салғышын немесе ырымдап берген 5-10 теңгесін пайда ретінде көре ме? Депутат заң шығарады, елдің жайын ойлайды деп жүрсек, мынауың "тұсау кесемін" деп, атырауша айтқанда, картопты жарды ғой. Өткенде іш-киімдерін қалай қаттайтынын көрсетіп "креатив" видео салып еді. Бір ісі-бір ісінен сорақы болып барады, – деп жазды журналист.

Еске салайық, бұған дейін декретке бірнеше миллион ақшамен шығуды көздеген бірнеше әйелдің заңға тартылып жатқаны турасында ақпарат тарағалы жұрттың көбі депутат Дәулет Мұқаевқа шүйліккен еді. Мұқаевтың өзі кейінірек осыған қатысты мәлімдеме жасады.

Серіктес жаңалықтары