Павлодарда 2022 жылы туған бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Оқиға туралы Павлодар облысының балалар құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық уәкілі Сәуле Шәкенева хабарлады. Облыстық балалар ауруханасы баланың комаға түскенін мәлімдеді.
– 2022 жылы туған (2 жас 11 айлық) бала кататравма салдарынан сағат 8:50-де жедел жәрдем желісі арқылы облыстық балалар ауруханасының анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне қабылдау бөліміне кірмей жеткізілді. Бала әжесінің үйінде, Естай көшесі 141 мекенжайында болған. Ол қабылдау бөлімінде кезекші травматолог пен реаниматолог дәрігерлердің тексеруінен өтті.
Жағдайының ауырлығына байланысты бала анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызылды. Ауруханаға түскен сәттегі жағдайы ауыр, ессіз – комада болған, – делінген хабарламада.
ДИАГНОЗ
Балаға кататравма, жабық бас-сүйек ми жарақаты, ми шайқалуы, миға соққы және басқа да көптеген жарақат диагнозы қойылды.