×
516.91
586.33
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.91
586.33
6.3

«Ливерпульдің» жұлдыздары алматылық оқушыларға хат жолдады

14.04.2025, 23:20
«Ливерпульдің» жұлдыздары алматылық оқушыларға хат жолдады
Ашық дереккөзден

Атақты ағылшын футбол клубы "Ливерпуль" Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне арнайы сертификат жолдады. Бұл туралы мектептің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқу жылы бойы мектеп оқушылары Айсұлтан Аманғос пен Нарбол Қасымхан өз мектептерінің спорттағы жетістіктері мен футбол бағытындағы бастамалары туралы "Ливерпуль" клубына хабарлап отырған. Осы әрекеттеріне жауап ретінде әлемдік деңгейдегі команда мектеп атына арнайы ресми сертификат жіберді. Құжатта клубтың жетекші ойыншыларының қолтаңбалары бар.

“Көптеген оқушыларымыз кәсіби футболшы болуды армандайды. Бұл сертификат бізге өзімізге сенуді үйретті. "Ливерпульдің" қолдауы – біз үшін үлкен мотивация. Ол бізге алға ұмтылып, жаттығуларды жалғастырып, биік белестерге жетуге күш береді. Армандар орындалуы үшін бар күшіңді салу керек екенін дәлелдеді,” — деді Айсұлтан Аманғос.

БҰҒАН ДЕЙІН

4 наурызда Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығы тергеліп жатқаны белгілі болған еді. Қазнетте Әділет Бәрменқұловқа қатысты тергеу басталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Бұл ақпаратты ҚМА баспасөз қызметі растады. 

Серіктес жаңалықтары