×
516.91
586.33
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.91
586.33
6.3

Дина Таңсәрінің ұсталуы: экстрадиция бойынша сот шешімі шықты

Дина Таңсәрінің ұсталуы: экстрадиция бойынша сот шешімі шықты
Ulysmedia.kz коллажы

Черногорияда «НеМолчи» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәріге қатысты экстрадиция мәселесі бойынша сот шешімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚОР

Қордың хабарлауынша, Дина Таңсәрі бостандыққа шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, Черногория соты оны Қазақстанға экстрадициялаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған.

БҰҒАН ДЕЙІН

14 сәуір күні Черногорияда қазақстандық құқық қорғаушы, «NeMolchi.kz» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі ұсталып, Подгорица қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды

Белсенді өз сөзінде бұл жағдайдың экстрадиция мәселесіне байланысты болатынын мәлімдеді. Алайда нақты не үшін ұсталғаны туралы оған ешқандай ақпарат берілмегенін айтады.

Сонымен қатар, күйеуі Алмат Мұхамеджанов Дина Таңсәрі қалай ұсталғанын айтып берген болатын. 

Серіктес жаңалықтары