×
516.91
586.33
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.91
586.33
6.3

Министр Нысанбаев қазақстандықтарға өтініш жасады

Министр Нысанбаев қазақстандықтарға өтініш жасады
Фото: Үкімет

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қазақстандықтарды табиғатқа шығып от жаққан кезде мұқият болуға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Ерлан Нысанбаев табиғаттағы өрттердің негізгі себебінің бірі адами фактор болып саналатынын атап өтті.

- Мен бүгінгі брифингті пайдаланып, сіздерге өрт қаупі жоғары кезең туралы өтініш айтқым келеді. Айтайын дегенім, өткен жыл өте ылғалды болды, далада және ормандарда былтырдан қалған өте биік шөптер бар, бұл биыл өртке қатысты мәселелерді тудыруы мүмкін. Бұл жерде сіздердің көмектеріңіз ауадай қажет, сондықтан мен өздеріңізге жүгініп, өртке, әсіресе далада от жаққанда аса қырағы болуларыңызды сұраймын. Егер сіз өртті көрсеңіз, жақын маңдағы арнайы мекемелерге хабарласыңыз немесе ТЖМ арнайы телефон нөміріне қоңырау шалыңыз, дейді Ерлан Нысанбаев. 

Сонымен қатар министр, қазақстандықтарды орман алқаптарында да сақ болуға шақырды. 

- Сіздер орманда, табиғатта боласыздар. Сіздерден от жаққан кезде өте мұқият болуларыңызды сұраймын, өйткені өрттің көбі адам факторына байланысты туындайды, деді Ерлан Нысанбаев. 

Серіктес жаңалықтары