×
516.91
586.33
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.91
586.33
6.3

Вьетнамда қазақша хабарландырулар толып тұр – блогер таң-тамаша болғанын айтты

15.04.2025, 19:41
Вьетнамда қазақша хабарландырулар толып тұр – блогер таң-тамаша болғанын айтты
скриншот

Вьетнамдағы сауда орындарының бірінде қазақ тіліндегі хабарландыруларды көрген блогер таң-тамаша болып, оны видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіде вьетнамдық дүкендерден түсірілген видео қызу талқыланып жатыр. Онда барлық түсіндірме мен тауар атаулары қазақ тілінде жазылғаны байқалады.

Аталған видеоны қазақ азаматы түсіріп, желіге таратқан. Көпшілік бұл жаңалықты оң қабылдап, пікір қалдыруда.

Вьетнам құрлы болмадық. Бізде бәрі орысша жазып қояды.

Керемет!

Қазақ тілінің өрісі ұлғайып келеді, – деп жазады оқырмандар.

Қазақстандықтар Вьетнамға кейінгі жылдары жиі барып жүр. 2024 жылдың алғашқы тоғыз айында Вьетнамның Ханой провинциясы 90 000-ға жуық қазақстандық туристі қабылдаған. Бұл көрсеткіш Вьетнамның қазақстандықтар үшін танымал туристік бағытқа айналғанын көрсетеді.​

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы визасыз режим 2024 жылдың 25 мамырынан бастап күшіне енді. Бұл келісім бойынша екі елдің азаматтары 30 күнге дейін визасыз бір-біріне сапарлай алады. Бұл шара туристер ағынын арттыруға және екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға ықпал еткен.

Қазақстандық туристер көбінесе Вьетнамның жылы климатын, қолжетімді бағаларын және сапалы қызмет көрсетуін бағалайды. Олар үшін Фукуок аралы, Нячанг және Ханой сияқты бағыттар танымал.

Серіктес жаңалықтары