×
523.2
594.3
6.38
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.2
594.3
6.38

Сонда да рақмет, жерлестер – Димаш өзін күлкі еткендерге жауап берді

15.04.2025, 23:21
Сонда да рақмет, жерлестер – Димаш өзін күлкі еткендерге жауап берді
Димаштың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Әнші Димаш Құдайберген өзін әлеуметтік желіде күлкі етіп жатқандарға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӘНШІ НЕ ДЕЙДІ

Баршаңызға сәлем! Бүгін мені жерлестерім әлеуметтік желіде менің “Бір аспанның тарихы” атты әнімді талқылап жатқанын білдім. Егер саған біреу әзілдесе, демек сен тірі әрі қызықтысың дейтін еді. Креативті әзілдерің мен назарларың үшін рақмет, құрметті жерлестер! Тіпті ол әзілдер күтпеген сипат алса да, – деп жазды әнші.

Димаш осыдан кейін бүкіл әлемдегі жанкүйерлеріне жүгініп, өзін қорғап жатқандарына, мейірімділік пен шынайылығы үшін алғысын айтты. “Сіздердің сөздеріңіз мен үшін музыка сынды” дейді ол. Әлемдегі жанкүйерлерін ол 26 мамырда Алматыда өтетін “D&Dears” концертіне шақырды. Билеттер Тикетон.kz-де сатылады.

Әңгіме әншінің “The Story of One Sky” әні жайлы болып отыр. Осы әннің соңында Димаш “We're choosing life” (Мен өмірді таңдаймын” сөзін бар даусымен шырқайды. Осы сөзін желідегі қылжақбастар “кетчуп пен нан” деп өзгертіп таратқан.

Серіктес жаңалықтары