Экология және табиғатты қорғау экс-министрі Зульфия Сүлейменованың көмекшісі болған, кейін сотталып кеткен Заңғар Хасенов кеше Павлодардағы уақытша оқшаулағышта соққыға жығылған деген ақпарат тарады. Мұны оның әйелі айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Заңғар Хасеннің әйелі Айжан Сүлейменова әлеуметтік желіде хабарлады. Оның сөзінше, 15 сәуірде Павлодар қаласындағы №63 тергеу изоляторында күйеуі Заңғар Хасеновті арнайы жасақ қызметкерлері соққыға жыққан.
- Оқиғаның басы-қасында Қарағанды қаласының тергеушісі Кенжетаев болған. 14 сәуірде тергеуші келіп, күйеуіме бір құжаттарды танысуға берген. Менің күйеуім заңгер емес, сондықтан ол не туралы құжат екенін түсінбеген. Сөйтіп адвокатсыз қол қоймайтынын айтқан. Кенжетаев мұнымен тоқтамай, арнайы жасақпен келіп, тергеу изоляторында қолын қайырып, ұрып-соққан, дейді Айжан Сүлейменова.
Артынша Заңғар Хасенді полиция бөліміне алып кеткен.
- Полиция бөлімінде әлгі тергеуші Кенжетаев, тағы бір тергеуші отырған. Олар Қарағанды қаласының прокурорымен видео арқылы байланыста отырған. Олар күйеуімді жерге құлатып, қолын қайырып, ұрып, құжатқа қол қоюға мәжбүрлеген. Қазір тергеу изоляторына келдім, жедел жәрдем, полиция, прокуратура, антикорға хабарластым. Қазір жедел жәрдемнің нәтижесін күтіп отырмын. Түрі сұмдық болып кеткен, бүкіл денесі көгеріп кеткен, дейді Айжан.
ТҮРМЕ ӨКІЛДЕРІ НЕ ДЕЙДІ
Бұл жайтқа Павлодардың қылмыстық-атқару жүйесі департаменті пікір білдірген.
- Бұл дерек бойынша тексерік жүріп жатыр, деп қысқа қайырған олар.
СҮЛЕЙМЕНОВАНЫҢ КӨМЕКШІСІ НЕ ҮШІН ТҮРМЕДЕ ОТЫР
Блогер Тортуыл Шоқанның жазуынша, экс-министр Зүлфия Сүлейменованың көмекшісі Заңғар Хасеннің сотталуы себебі—2015-16 жылдары, бір кикілжіңде біреуге газ тапаншамен оқ атқан. Кейін екеуі достасып —примерение жасасқан. Заңғар Қарағандыда есірткіге, жезөкшелікке, алкоголь мен табактың заңсыз айналымына қарсы шыққан.
- Екі рет покушение (атқан) болып тірі қалған. Кейін кімдер екенін білген де. Сол заңсыз айналымдардан ақша тауып отырған мафия мұны қалайда құрықтауды ойлайды, дейді блогер.
2023 жылғы Семей орманы өртіне қатысы барлар, министірлік бюджетін жеп келгендер, қысқасы үш регионның мафиясы бірігіп, әлгі 7 жыл бұрынғы істің негізінде сотталған.
СҮЛЕЙМЕНОВА КӨМЕКШІСІ ТУРАЛЫ НЕ ДЕП ЕДІ
Зүлфия Сүлейменова министр кезінде экс-көмекшісінің қылмыс әлемінің "серкесі" болғанын жоққа шығармаған еді.
"Көптің сөзіне қарасам, мен қылмыстық көшбасшы рөліне сай келетін сияқтымын. Жұмысқа қабылданған кез келген қызметкер тиісті тексеруден өтеді. Хасеновке бұйрық келгенде, соттылықтың жоқтығы туралы анықтама қоса берілді. Құқық қорғау органдарының басқа да дерекқорларына қатысты біз міндетті түрде тексереміз. Бірақ тағайындау кезінде анықтама болды", - деген еді экс-министр.