×
516.91
586.33
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.91
586.33
6.3

Үстіртте сирек кездесетін жыртқыш ала барыс қайтадан фототұзаққа түсіп қалды

Үстіртте сирек кездесетін жыртқыш ала барыс қайтадан фототұзаққа түсіп қалды
Ашық дереккөзден

Үстірт мемлекеттік қорығында ала барыс қайтадан фототұзаққа түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының мәліметінше, ала барыс осымен бесінші рет фототұзақ объективіне түсіп отыр. 

Возможно, это изображение гепард и большая кошка

ФОТОТҰЗАҚ

Фототұзақ ірі мысықтарды зерттеу мен қорғауға бағытталған халықаралық жоба аясында орнатылған. 2024 жылдың 29 қазанынан 21 желтоқсанына дейін фототұзақтар ала барысты төрт рет тіркеген.

Возможно, это изображение большая кошка, снежный барс, гепард и текст

- Бүгін бұл деректер Үстірт қорығының осы ерекше және жойылып бара жатқан түрдің табиғи ортасы ретінде маңызды рөл атқаратынын тағы да дәлелдейді, дейді қорық өкілдері. 

АЛА БАРЫС ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ

Ала барыс – Орта Азия мен Қазақстанда мекендейтін сирек кездесетін жыртқыш. Ол көбіне таулы, тасты жерлерде тіршілік етеді және негізінен тұяқты аңдармен қоректенеді. Ала барыс Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және жойылып кету қаупі төніп тұрған түр ретінде халықаралық деңгейде де қорғалады. Бүгінде оны сақтау үшін арнаулы қорықтар мен экожобалар іске асырылып жатыр. Бұл аңның табиғи тепе-теңдікті сақтаудағы рөлі зор.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Үстірт мемлекеттік қорығында Орталық Азия барысы қайтадан фототұзаққа түсіп қалған еді. 

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің хабарлауынша, Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында ерекше оқиға болған: Орталық Азия барысы бесінші рет фототұзақ объективіне түсіп, жабайы табиғаттың қайталанбас сұлулығын көрсеткен.

Серіктес жаңалықтары