×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

93 млрд теңге шығын ел бюджетінің 1% ғана құрайды – экономист

10.01.2022, 11:59
93 млрд теңге шығын ел бюджетінің 1% ғана құрайды – экономист
Фото: ашық дереккөзден

Ulysmedia.kz порталы қойған осы сұраққа белгілі экономист Жарас Ахметов жауап берді.

- Бүгінге дейін бүліктің салдарынан бизнеске 93 млрд теңге шығын келгені айтылып жатыр. Сіздіңше бұл қаншалықты зор шығын? Оның орнын толтыру үшін ел бюджетіне қаншалықты салмақ түседі?»

- Біздің елдің бюджетінің шығыны шамамен 8-10 трлн теңге шамасында. 100 млрд теңге – шамамен сол соманың 1 пайызына тең деген сөз. Сол себепті мұны аса зор шығын деп айта қоймас едім.

Оған қоса бизнеске келген шығынның бір бөлігін сақтандыру компаниялары өтеуі керек. Қиратылған мейрамханалар мен дүкендердің бәрі дегенмен сақтандырылды деп айта алмаймыз. Сол себепті сіз атаған соманың бір бөлігін бәрібір бюджет есебінен жабуға тура келеді. Үкімет пен сақтандыру компаниялары қандай да бір келіссөзге келу керек шығар. Алайда бұл басқа мәселе. Бәрібір бұл шығынның бәрі бюджетке салынбайтынын ескеру керек.