×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

Шерзат ісіндегі басты күдікті. Шынасыл айыпты мойындамаймын деп отыр – адвокаты

17.04.2025, 11:00
Шерзат ісіндегі басты күдікті. Шынасыл айыпты мойындамаймын деп отыр – адвокаты
Ұлысмедиа коллажы

Талдықорғанда Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАҚ-ҚА СҰХБАТ БЕРУ ЖАЙЛЫ

Бүгінгі сот отырысында судья қатысушыларға БАҚ-қа сұхбат беруден бас тартуды өтінді.

Процес аяқталғанға дейін осы іс бойынша БАҚ-қа түсініктеме беруден бас тартуды сұраймын. Кей жағдайларда бұл заңнамаға сәйкес бұл сотқа қысым көрсетілу болып танылуы мүмкін», - деді судья Ержан Жанұзақов.

Бүгінгі сотта айыпталушылар өзін таныстырып жатыр. Басты айыпталушының бірі ретінде танылған Абзал Шынасыл ұлты қазақ, білімі орта, уақытша жұмыссыз, бойдақ екенін, бұрын сотталмағанын айтты. Айыптау актісінің көшірмесін қолына алған. Сот отырысына “жартылай дайынмын, толық дайын емеспін” деді ол.

Мұның себебі неде деп судья сұрағанда Шынасылдың адвокаты сот кезінде ғана іске араласқанын айтты.

Істі толық зерттеп бітпедік. Толық позицияларымызды айқындай алмай жатырмыз. Толық дайын емеспіз. Бір жағынан ол мойындамаймын деп отыр (Шынасыл), – деді ол.

Айыпталушы Равиль Сәкиев те сотқа дайын емес екенін айтты. Оның адвокаты сот отырысына дайын болғанымен, жауап алуды кейінге қалдыруды өтінді. 

Басқа да айыпталушылар өздерін таныстырып жатыр. Айыпталушылардың ішінде Алматы және Шығыс Қазақстан облысының тумалары бар.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Серіктес жаңалықтары