Шерзат Полаттың әжесін сот кезінде жедел жәрдем алып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Оқиға орнында жүрген Ұлысмедиа тілшісінің айтуынша, Шерзаттың әжесінің денсаулығы күрт нашарлап, оны сот залынан сыртқа алып кеткен. Артынша әжесін жедел жәрдем алып кетті.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Шерзаттың әжесі сотты Алматыда өткізуді өтінген болатын. Сотталушылардың әке-шешелері қазір сот залында тұр.
«Біз де сотталушылардың қорғаушыларымыз. Қаулымыз бар. Біз де қатысуды сұраймыз», - дейді олар.
Судья оларға: «адвокаттармен бірдей құқықтарыңыз бар. Соттан сөз сұрауға болады» деді судья.
Судья Баймаханов сот залында сотталушыларды қорғауға құқығымыз бұзылып отыр деп мәлімдеді.