×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

Астанадағы әуе кеңістігі жабылады: Алматы әуежайы шұғыл үндеу жасады

17.04.2025, 12:21
Астанадағы әуе кеңістігі жабылады: Алматы әуежайы шұғыл үндеу жасады
Kapital

Алматы халықаралық әуежайы Астана қаласы аумағында әуе кеңістігінің жабылуына байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Алматы халықаралық әуежайы Астана қаласы аумағында әуе кеңістігін пайдалану бойынша енгізілетін уақытша шектеулерге байланысты сапарлар кестесінде өзгерістер болатынын хабарлайды.

Қорғаныс министрлігінің ресми ақпаратына сәйкес, 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін әскери шеруге дайындық және оны өткізу мақсатында Астана қаласының әуе кеңістігі уақытша жабылады.

Осыған байланысты Алматыдан Астанаға және кері бағыттағы сапарлар кестесінде уақытша өзгерістер болады.

ЖОЛАУШЫЛАРҒА ЕСКЕРТУ

- Жолаушылардан аталған шектеулерді өз сапарларын жоспарлау барысында ескеруді сұраймыз. Рейстері өзгеріске ұшыраған жолаушыларға авиакомпаниялар брондау кезінде көрсетілген байланыс деректері арқылы қосымша хабарлайтын болады, делінген хабарламада.

Сапарлар туралы өзекті ақпаратты әуе компаниялар мен әуежайдың анықтама қызметінен алдын ала нақтылау қажет. 

Серіктес жаңалықтары