×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

«Екі рет оқ атқан»: Шерзат сотында мылтық ұстаған адамның аты аталмады

17.04.2025, 15:53
«Екі рет оқ атқан»: Шерзат сотында мылтық ұстаған адамның аты аталмады
скриншот

Прокурор Дана Сәрсенбай Шерзат Полаттың өлімі тергеліп жатқан сотта айыптау актісін оқып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Прокурордың айтуынша, төбелес басталған кезде “Қамажай” дүкенінің ішіне кіріп кеткен Қаржаубай Нұрымов кәмелетке толмаған Ахмет Махметтің дауысын естіп, өзімен бірге кассадан асхана пышағын алып, дүкеннің алдына шыққан. Сол сәтте Қалиахмет (сотталушы) Нұрымовтың қолынан ұстап алған. Ал Белғожаев Нұрымовтың әрекетін көріп, дүкеннің есігін аяқпен теуіп, Нұрымовты дүкеннің ішіне қайтадан кіргізіп жіберген. 

Осы уақытта “Қамажай” дүкенінің солтүстік-батыс бұрышы және Менделеев көшесі мен “Қамажай” дүкенінің арасында өсіп тұрған ағаштың ортасында қолына тегіс әрі бір ұңғылы, 16 калибрлі аңшы мылтығын ұстаған тұлға сол жерде тұрып, Әскентайдың жақтастары тұрған жерде екі рет оқ атқан. Атылған оқтың бірі “Қамажай” дүкеніне қарама-қарсы орналасқан Талғар қаласы, Менделеев көшесі №12 үй 12 пәтердің қылтимасына тиіп, екіншісі солтүстік шығыс бұрышында орналасқан “Мясная лавка” ғимаратының батыс қабырғасының төменгі бұрышына тиген, – дейді прокурор Дана Сәрсенбай. 

Төбелес жалғасып жатқан кезде сотталушы Шынасыл Ғайыпбаев пен Полатты көріп, сабы қоңыр түсті пышағын алып шыққан. Осы кезде Шерзаттың анасы мен әжесі жүргеніне қарамастан солардың көзінше баланың жүрегіне пышақ сұғып алған. Шерзат апыл-ғұпыл қаша жөнелген. Бірақ 45-50 метрден кейін денсаулығы нашарлап, асфальтқа отырып қалған. Әскентай, Тоқтаубаев, Қалиахмет оқиға орнында атыс қаруы қолданылғанын естіп, өздерінің сыбайластарының пышақпен қаруланғанын көріп, төбелесті жалғастырған. Сәкиев Ғайыпбаевқа бөтелке лақтырған. Жұдырықпен Нұрқанатты ұрған.

Сот процесі жалғасып жатыр.

Бұған дейін Шерзат Полаттың ісінде жәбірленушілер де, сотталушылар да сотты Алматыда өткізуді өтінген еді. Судья келіспеді

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Серіктес жаңалықтары