×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

Марафондағы екі адам қазасы: министр мәлімдеме жасады

Марафондағы екі адам қазасы: министр мәлімдеме жасады
Ашық дереккөзден

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматыдағы жартылай марафонда қаза тапқан екі адамның отбасына көңіл айтып, марафонға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ

Мырзабосынов Алматы қаласында өткен жартылай марафон кезінде екі қатысушының қаза табуы – ауыр әрі ерекше назар аударуды қажет ететін жағдай екенін айтты. 

- Қазіргі уақытта оқиға бойынша толыққанды тексеріс жүргізіліп жатыр. Қатысушылардың денсаулық жағдайы, жарысты ұйымдастыру тәртібі, медициналық қамтамасыз ету деңгейі мен қауіпсіздік регламенті жан-жақты сарапталады. Жергілікті атқарушы органдар өткізетін мұндай шараларға талапты күшейтеміз. Бұқаралық спорт қауіпсіз әрі кәсіби деңгейде ұйымдастырылуы тиіс. Туризм және спорт министрлігі бұл бағытта нақты ұсыныстар әзірлеп, тиісті құрылымдарға жолдайды, дейді министр. 

МАРАФОНДАҒЫ ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙ

Еске салайық, бүгін, 20 сәуірде Алматы жартылай марафонының екі қатысушысы қаза тапқаны белгілі болды. Қарт адам кенеттен ауырып, жас жігіт есінен танып қалған. Жедел жәрдем келгенше екеуі де көз жұмды.

Дәрігерлердің айтуынша, олардың өлімінің себебі сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша белгілі болады.

Серіктес жаңалықтары