×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

Күйреген отбасылар: Қазақстанда отау құрған 124 мың жұптың жартысы ажырасқан

Бүгін, 10:41
Күйреген отбасылар: Қазақстанда отау құрған 124 мың жұптың жартысы ажырасқан
фото: aprlnr.su

Мұндай сандарды Ерлан Сәрсембаев Қазақстанда былтыр отау құрған 124 мың жұптың жартысына жуығы ажырасып кеткенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ

Ерлан Сәрсембаевтің айтуынша, елде жұмыссыз борышкерлерді жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, жұмысқа орналастырылған борышкерлердің саны жыл сайын артып келеді (2020 ж.- 1 559, 2021 ж.- 2 224, 2022 ж. - 2 150, 2023 ж. - 4 238) және 2024 жылы 6 232 борышкерді құраған.

Борышкерлерге қатысты қолданылатын шаралардың ең соңғысы оларды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту. 2024 жылы 4 642 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша борышкерді қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша 745 іс тіркелген, сотқа 461 іс жіберілді, 391 борышкер сотталған, – дейді ол.

АЛИМЕНТ ТӨЛЕМЕУ ЖАЙЛЫ

Алайда бұл шараларды қабылдау алимент төлемеу мәселесін толығымен шешпейді деп санаймыз дейді ол. Сөзінше, балаларын асырауға ниеттің болмауы, алимент төлеуден жалтару отбасылық-неке қатынастары дағдарысының салдарына айналған. Бұған дәлел – тіркелген 61 080 ажырасу санын құрайтын статистикалық көрсеткіш, бұл неке қию санының (124 774) жартысына жуығын құраған.

Осы тұста, отбасы институтын нығайту және балалардың мүдделерін қорғау бойынша жауапты мемлекеттік органдардың кешенді жұмыс жүргізуі қажет деп санаймыз, – дейді ол.

Алимент төлемдерін өндіруді министр ерекше бақылауда деп сендіреді.

Серіктес жаңалықтары