×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

Хуторлық Хасанның ісі сотқа жолданды ма

Бүгін, 19:25
Хуторлық Хасанның ісі сотқа жолданды ма
Ulysmedia коллажы

Соңғы күндері бірнеше бұқаралық ақпарат құралдарында Қасымбаев Хасан мен өзге де тұлғаларға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды деген ақпарат тарады. Алайда бұл мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІС ӘЛІ СОТҚА ЖОЛДАНҒАН ЖОҚ

Аталған қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары толық аяқталған. Қазіргі уақытта іс материалдары тараптарға танысу үшін ұсынылған. Яғни, тергеудің ресми кезеңі аяқталғанымен, іс әлі прокуратураға жолданбаған.

ПРОЦЕСТІҢ КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІ — ПРОКУРАТУРА

Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес, тараптар іс материалдарымен толық танысып болғаннан кейін ғана, бұл іс айып тағылған тұлғаларды сотқа беру туралы шешім қабылдау үшін прокуратураға жолданады. 

ХАСАН ҚАСЫМБАЕВ ТУРАЛЫ

Хасан Қасымбаевтың есімі Талғардағы 16 жастағы Шерзаттың қазасынан кейін қаладағы бұзақылық, қылмыстық істердің артында тұрған басты адам, “Хутор” ҰҚТ-ның жетекшісі ретінде айтыла бастады. Алайда ресми органдар мұны терістеп, Талғарда ешқандай қылмыстық топ жоқ, аталған оқиғалар бойынша күдіктілердің Хасан Қасымбаевпен байланысы анықталмады деген. Хасан Қасымбаев та көпшілікке үндеу жолдап, өзінің қандайда бір қылмыстық әрекеттермен байланысын жоққа шығарған. “Хасанды” қорғап үндеу жасаған ауылдастары оны қайырымды, ауылға, мұқтаж адамдарға белсене қол үшін беретін адам ретінде сипаттаған. Жуырда қоғамдық резонансқа айналған істен кейін Хасан Қасымбаевтың ағасы Аслан Қасымбаев Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметінен босатылған.

БҰҒАН ДЕЙІН

Адвокат Жандос Тұяқов Шерзат ісі бойынша соттың ашық өтуіне қатысты пікір білдірген. 

 

Еске салайық, 10 сәуірде Талдықорған қаласында Шерзат Полаттың өлімі бойынша соттың алдын ала тыңдалымы өтіп, алғашқы сот отырысы 17 сәуірде басталған болатын. Сотта Шерзаттың әкесі, әжесі, анасы, оқиға куәгерлері жауап бере бастады. 

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Серіктес жаңалықтары