×
520.39
609.58
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.39
609.58
6.63

Солтүстік және шығыс өңірлерді газдандыру мәселесі қалай шешілмек

Солтүстік және шығыс өңірлерді газдандыру мәселесі қалай шешілмек
Ашық дереккөзден

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарын газдандыру мәселесі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрден осы өңірлерді газдандыруға қатысты жоспарлар сұралды.

– Егер еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру туралы айтатын болсақ, бұл екі жолмен жүзеге асуы мүмкін. Біріншісі – Ресей аумағынан жылына 10 млрд текше метрге дейін газ жеткізу. Екіншісі – Ақмола облысы мен шығыс өңірді байланыстыратын «Сарыарқа» магистральды газ құбырының үшінші және төртінші кезеңін салу. Бұл – параллель жүретін екі бағыт, – деді Ақкенженов.

Оның айтуынша, қазіргі таңда ресейлік әріптестермен жұмыс жүріп жатыр.

– Ресей тарапынан жұмыс жүргізіліп жатқаны жөнінде маған хабар берілді. Қазақстан арқылы өтетін газ транзиті арқылы біз қосымша тұтынуды қамтамасыз ете аламыз. Егер Моңғолияны қарасақ, онда өндірістік нысандар Қазақстанмен салыстырғанда әлдеқайда аз. Сондықтан Қазақстан арқылы транзит жасау – әрі бізге, әрі Ресейге тиімді, – деді министр.

ГАЗДАНДЫРУ ТУРАЛЫ

Министрдің мәліметінше, 2024 жылдың қорытындысы бойынша елдегі газдандыру деңгейі 62,4%-ға жеткен. Бұл – 12,6 миллион азамат газбен қамтылған деген сөз.

Биыл республикалық бюджет пен «Самұрық-Қазына» қорының қаражаты есебінен 84 жобаны жүзеге асыру үшін 112,5 миллиард теңге бөлінбек.

Серіктес жаңалықтары