×
518.34
591.06
6.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.34
591.06
6.27

Блогер Мұрат Әбділда қайтадан түрмеге қамауға алынды

Блогер Мұрат Әбділда қайтадан түрмеге қамауға алынды
Коллаж: ulysmedia.kz

Түркістан облысында шартты түрде босатылған блогер Мұрат Әбділда қайтадан қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан қаласының ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігімен 2022 жылы сотты болған Мұрат Әбділдаға қатысты ұсыным қаралды.

Ұсынымда Сауран аудандық полиция бөлімі блогердің мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күшін жойып, жазаның қалған өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыруды сұраған.

СОТТА АНЫҚТАЛҒАНЫ

Сотталған Мұрат Әбділда 2024 жылы соттың қаулысы негізінде қылмыстық кодекстің  72-бабына сай бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының өтелмеген 2 жыл 11 күнін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылып, Түркістан облысының полиция департаметінің Сауран аудандық полиция бөліміне профилактикалық есепке алынған.

Профилиактикалық есепте тұрғанына қарамастан, Мұрат Әбділда 2024 жылы ортақ пайдалану орнын ластағаны үшін ӘҚБтК 434-2 бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған айыппұл салынған. Сонымен қатар, 2025 жылдың ақпан-наурыз айларында 5 рет тіркелуге келмегені және 4 рет түнгі уақытта тұрғылықты мекенжайында болмағаны анықталған.

ДӘЛЕЛДЕР

Мұрат Әбділданың кінәсі туыстарының берген түсініктемелерімен, тиісті актілермен және куәлердің жауаптарымен толық дәлелденген.

ТАРАПТАР НЕ ДЕЙДІ

Мұрат Әбділда өз кінәсін ішінара мойындап, соттан өзіне тағы бір мүмкіндік беруді сұраған.

СОТ ҚАУЛЫСЫ

24 сәуірде сот қаулысымен:

Түркістан облысының Полиция департаментінің Сауран аудандық полиция басқармасының ұсынымы қанағаттандырылып.

Мұрат Әбділданың мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күші жойылып, жазаның қалған өтелмеген бөлігі 2 жыл 11 күнін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылды.

Мұрат Әбділда сот залында қамауға алынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

БЛОГЕР НЕ ҮШІН СОТТАЛДЫ

Еске салсақ, ол 2022 жылы ҚР ҚК 174-бабы, яғни, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік алауыздықты азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер жасағаны үшін 4 жыл 6 айға сотталған еді.

Серіктес жаңалықтары