Аурухана парағын рәсімдеу – әрбір жұмыскердің заңды құқығы. Дегенмен кей қызметкерлер бұл құқықты жиі пайдаланып, кейде тіпті асыра пайдаланып жатады: ай сайын бір-екі реттен уақытша еңбекке жарамсыздық парағын алады. Мұндай жағдайлар көбіне жұмыс беруші үшін ең жауапты сәттерде – есеп тапсыру кезінде, маңызды келіссөздерге дайындық кезінде болуы мүмкін. Мұндай қызметкердің тиімділігі, жұмыс берушінің көзімен қарағанда, өте төмен. Осы ретте "жиі ауыратын қызметкерді жұмыстан заңды түрде шығару мүмкін бе?" деген сұрақ туындайды.
ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРУ
Mybuh.kz мамандарының түсіндіруінше, мұндай жағдайда жұмыстан шығару тек жұмыс берушінің бастамасымен жүзеге асады. ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 20-тармақшасына сәйкес, мынадай жағдайларда еңбек шарты бұзылуы мүмкін:
ЕКІ АЙДАН АРТЫҚ АУЫРСА ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРУҒА БОЛАДЫ
ҚР Еңбек кодексінің 53-бабы 8-тармағына сәйкес, жұмыс беруші 52-баптың 1-тармағының 20-тармақшасы негізінде жұмыстан шығаруды тек қызметкер уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ұсынғаннан кейін ғана іске асыра алады.
Яғни, қызметкер қатарынан екі айдан артық уақыт бойы сырқаттанып жатса ғана оны жұмыстан заңды түрде шығаруға болады. Бұл ереже босануға байланысты демалыста жүрген әйелдерге қолданылмайды.
Сонымен қатар, ұзақ мерзімді еңбекке жарамсыздық жағдайында да жұмыстан шығару мүмкін болады.
ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРУҒА НЕГІЗ БОЛМАЙТЫН СЕБЕПТЕР
Егер қызметкер тек 3-4 күндік қысқа мерзімді аурухана парағын жиі алып жүрсе, бұл оны жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығаруға жеткілікті себеп емес. Мұндай жағдайда жұмыстан шығару тек өзге заңды негіздер бойынша ғана жүзеге асуы мүмкін.
Қорыта айтқанда, қызметкердің жиі ауырып, демалысқа шығуы – жұмыс берушіге оны өз бетінше жұмыстан шығара салуға мүмкіндік бермейді. Бұл үшін тек заңмен нақты белгіленген талаптар орындалуы қажет.