×
517.16
588.48
6.23
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
517.16
588.48
6.23

«Қауіп төніп тұр»: Құмар Ақсақаловты қорқытқан кімдер

Бүгін, 19:20
«Қауіп төніп тұр»: Құмар Ақсақаловты қорқытқан кімдер
Ашық дереккөзден

Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің ресми сайты жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мессенджерлерде Қостанай облысының әкімі бейнеленген жалған видео тараған. Онда облыс әкіміне қауіп төніп тұрғаны жөнінде айтылған-мыс. Аталған видео жасанды интеллект көмегімен жасалған.

“Бұл жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша Қостанай облысы әкімдігі құқық қорғау органдарына ресми түрде өтініш жолдады.Зиянкестер анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.Азаматтарды жалған ақпарат таратқаны үшін заң алдында жауап беретінін ескертеміз және ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеруге шақырамыз”- деп мәлімдеді әкімдіктің ресми сайты. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева анонимді Telegram-арналарды «жалған ақпарат, арандату мен манипуляция ошағы» деп атаған. 

Еске салайық, бұған дейін прокурорлар экстремистік, террористік сипаттағы ақпарат, жасөспірімдер суицидін және балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерін насихаттауды таратқан топтарын анықтап, бұғаттаған болатын. 

«PANIC PETRO» Telegram-арнасында кәмелетке толмағандардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін посттар, сондай-ақ жыныстық сипаттағы бейнероликтер орналастырылған.

«Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы қабылданған шаралармен аталған топтарға кіру бұғатталған.

Серіктес жаңалықтары