Күні бүгінге дейін жемқорлардан халық пайдасына 610 млрд теңге қайтарылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
26 сәуірде Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылында қайтарылған актив есебінен жаңа музыкалық өнер мектебінің құрылысы басталды. Бұл мектептің құрылысы - қайтарылған активтерді халық игілігі үшінтиімді пайдалану аясында үкіметпен мақұлданған алғашқы әлеуметтік жобалардың бірі.
БҰҒАН ДЕЙІН
Айта кетейік, бұған дейін ауылда 1974 жылы салынған, қазіргі таңда апатты жағдайда тұрған музыкалық мектеп жұмыс істеп келген болатын. Құны 890 млн теңге тұратын 300 оқушыға арналған жаңа мектеп көршілес ауылдардың оқушыларын да қабылдай алатын болады.
Бүгінге дейін мемлекет пайдасына жалпы сомасы шамамен 610 млрд теңге көлемінде активтер қайтарылды, оның ішінде 506 млрд теңге – ақшалай қаражат, 103 млрд теңге – мүлік.
Президенттің тапсырмасына сәйкес үкімет арнайы мемлекеттік қордан білім беру, денсаулық сақтау, спорт және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту салаларында 280 әлеуметтік нысанның құрылысын қаржыландыру үшін қаражат бөлді.
Аталған жобалар елді мекендерді дамытуға бағытталған кешенді тәсілдің бір бөлігі болып табылады және өмір сүру үшін қолайлы жағдайларға тікелей әсер ететін маңызды инфрақұрылымды ілгерілетуге серпін беруге арналған.