×
515.03
584.82
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.03
584.82
6.24

«Абзалдың қолынан пышақтың жүзін көрдім»: Шерзат сотында екінші куәгер қыз жауап бере бастады

Бүгін, 15:33
«Абзалдың қолынан пышақтың жүзін көрдім»: Шерзат сотында екінші куәгер қыз жауап бере бастады
Ұлысмедиа коллажы

Талдықорғанда Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесі бүгін түстен кейін де жалғасты. Бұл жолы екінші куәгер Дана Жақсыкелді жауап бере бастады. Ол – қанды түні сотталушылармен бірге көлікпен «Қамажай» дүкенінің алдына келген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КУӘГЕР НЕ ДЕЙДІ

Дана Жақсыкелді сотталушылардың ішінде Нұрқияс, Равиль, Абзалды танитынын, Азамат пен Нұрбол Тоқтаубаевты жақын танымайтынын айтты.

Дүкеннің алдында бір топ адам тұрды. Нұрқиястар сөйлесіп қайтайық деп түсті. Эльмира екеуміз дүкенге кірдік. Темекі алмақ едік. Ана кісі “сатпаймыз, шығыңдар” деді. Біз шыққанда ерегес басталып кетті. Біреуі құлап жатты. Мен қолымды сілтеп, қайтамыз дедім. Көліктің артына кеттім. Атыс басталды. Сол кезде бізге қарай сұр киімді, сақалды жігіт мылтықпен екі рет оқ атты. Бір рет оның алдында бір рет атқан. Содан кейін төбелес көшенің арғы бетінде жалғасып кетті, – дейді Дана Жақсыкелді.

Куәгердің айтуынша, осыдан кейін өзі көлікке отырған. Өзі мылтық үнінен қорыққанын айтады. Неге полиция шақырмадыңыз деген сұраққа куәгер “бір жағынан мылтықты бірінші рет көріп, атылғанын бірінші рет естідім. Өз өмірім үшін қорықтым” деп жауап берді.

Куәгер көліктің ішінде отырғаннан кейін болып жатқан оқиғаларды көрмегенін айтады. Төбелес аяқталғаннан кейін бәрі көлікке келген. Көліккке бірге отырып бәрі “777” дүкеніне кірген. Сол жерден бәрі сусын, темекі алған. 

Сот барысында прокурор Дана Сәрсенбай куәгер Дана Жақсыкелдінің тергеу кезінде берген жауабын оқыды. Ол жауапта Жақсыкелді “мен Абзалдың қолында мылтықты автокөліктің алдына қол қойғанын көрдім” деп жауап берген.

Олардың бәрі көлікке бірге отырды. Сол кезде бірден алып келгенін көрген жоқпын. Көлік жүріп кеткен кезде Абзал алдыңғы орына тұрды. Сол кезде мылтық алдыңғы сиденьеде тұрды. Мылтықтан басқа ештеңе көрген жоқпын. “777” дүкеніне барған кезде Эльмира дизи сусынын алып шыққан болатын. Оны ішті ме, жоқ па, нақты білмедім. Бірақ капотқа қойды. Содан кейін Абзал менен капотта тұрған дизиді Абзал сұрады. Ол еңкейіп, қолын сүртіп тұрды ғой деймін. Абзалдың қолына дизиді құйып жатқан кезде пышақтың жүзін байқадым. Пышақтың жүзін ғана көрдім. Не үшін жуғанын білмеймін, – деді ол.

Куәгер мылтық пен пышағы бар адамдарды көрген кезде полицияға хабар беруден қорыққанын айтады. 

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Өткен аптада Шерзат Полат ісі бойынша сот процесі қалай өткенін мына екі сілтемеден көруге болады.

Ulysmedia.kz порталынан материал көшіргенде гиперсілтеме қою міндетті!

 

Серіктес жаңалықтары