×
515.03
584.82
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.03
584.82
6.24

Ескерту: Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болған

Ескерту: Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болған
фото: salt.news

Қазақстанда телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің көбейген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

"Мемлекеттік техникалық қызмет" мамандары алаяқтардың ресми мекемелердің атын жамылып жасайтын схемаларын талдады. Олар емханалар мен коммуналдық қызметтерден бастап, жеткізу қызметтеріне дейін әртүрлі ұйымдардың атын пайдаланып әрекет етеді. Алаяқтардың негізгі мақсаты – азаматтардың жеке деректеріне және мемлекеттік қосымшалардағы аккаунттарына қол жеткізу.

НЕГІЗГІ АЛАЯҚТЫҚ СХЕМАЛАР

1. Емхана тіркеу орнының атынан
Алаяқтар шынайы емханалардың қызметкерлері ретінде хабарласады (мекенжайы мен атауын нақты айтып сендіруі мүмкін).

Олар белгілі бір күннен бастап дәрігерге жазылу мен жедел жәрдем шақыру жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) арқылы емес, «медициналық декларация нөмірі» арқылы жүргізіледі деп мәлімдейді. Кейін "декларация нөмірін" айтуыңызды сұрайды. Негізінде бұл — азаматтың DamuMed немесе eGov сияқты мемлекеттік қосымшаларға кіруіне арналған бір реттік SMS-код. SMS келген соң, олар 6 таңбалы кодты айтып беруіңізді сұрап, осылайша жеке аккаунтыңызға қол жеткізеді.

2. Коммуналдық қызметтер атынан «электр есептегіштерді тексеру»
Алаяқтар өздерін «Астана Энергосбыт», «Алматы Су» немесе басқа да коммуналдық мекемелердің қызметкерлері ретінде таныстырады. Олар «есептегіштерді ауыстыруға арналған мемлекеттік бағдарламаға» қатысып жатқаныңызды айтып, соңғы қашан есептегіш ауыстырылғанын сұрайды және өтінімді ашқандай болады. Кейін сізге телефон арқылы код жібереді де, оны айтып беруіңізді сұрайды. Бұл әрекет те жеке мәліметтер мен электрондық сервистерге кіруді мақсат етеді.

3. Мемлекеттік органдардан тапсырыс хат туралы хабарлама
Алаяқтар өздерін «Қазпошта» немесе курьерлік қызмет қызметкерлері ретінде таныстырып, салық комитетінен, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінен немесе ХҚКО-дан сізге тапсырыс хат келгенін айтады. Олар мекенжайды нақтылап, 1414 немесе 1412 секілді қысқа нөмірлерден SMS жібереді және ішіндегі кодты айтуыңызды немесе белгіленген сілтеме арқылы өтуді сұрайды. Бұл жеке деректерді ұрлау немесе телефонға зиянды бағдарлама орнату үшін жасалады.

ЕСКЕРТУ

«Мемлекеттік техникалық қызмет» мамандары барлық жағдайларда алаяқтардың азаматтардың аты-жөні мен мекенжайы сияқты жеке деректерді пайдаланып, сенім тудыруға тырысатынын айтады. Бірақ ешқандай мемлекеттік немесе коммуналдық мекеме телефон арқылы SMS кодтарын немесе мессенджер арқылы жіберілген сілтемелерді сұрамайды.

ҰСЫНЫСТАР

Ешқашан SMS арқылы келген растау кодтарын бөгде адамдарға, тіпті өзін мемлекеттік орган қызметкері деп таныстырса да, бермеңіз;

Телефон арқылы ЖСН және басқа да жеке мәліметтерді айтпаңыз;

SMS-тегі сілтемелерге өтпеңіз, әсіресе оны «ұйым өкілі» айтса;

Күмән туғызатын қоңырауларды тоқтатып, ұйымның ресми нөміріне өзіңіз қайта хабарласыңыз;

Күдікті қоңыраулар туралы құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.

Серіктес жаңалықтары