×
515.03
584.82
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.03
584.82
6.24

«Қазақ тілін білмесе...»: педагог баласын орыс сыныбына беретіндерді сынады

Бүгін, 23:25
«Қазақ тілін білмесе...»: педагог баласын орыс сыныбына беретіндерді сынады
Ашық дереккөзден

Қазақстандағы кей ата-аналардың көкейінде сұрақтардың бірі — баласын қазақ сыныбына ма, әлде орыс сыныбына берген дұрыс па?. Бұл сұраққа тәжірибелі педагог Алмас Ордабаев "Дөп сөз" подкасында өз жауабын берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның пікіріне құлақ ассақ, баланы қазақ сыныбына беру әлдеқайда дұрыс.

“Баламды орыс сыныбына берейін бе, қазақ сыныбына берейін бе деп сұрайды менен. Сен мектепте жүрсің ғой, айтшы дейді. Мен айтамын қазақ сыныбына бер”- дейді педагог. 

НАРЫҚ БОЛАШАҚТА ТЕК ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙДІ

Алмас Ордабаевтың айтуынша, ерте ме, кеш пе, Қазақстандағы еңбек нарығы түбегейлі қазақ тіліне көшеді. Бұл үдеріс қазірдің өзінде басталып кеткен.

“Біріншіден ертең нарық түбегейлі қазақшаға ауысады. Ерте ме, кеш пе... Егер маман қазақ тілін білмесе ол өзін керексіз деп санайды. Қазірдің өзінде солай. Мемлекеттік тілді білмейтіндер өзін жайсыз сезінеді”- дейді Ордабаев. 

ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛМЕГЕН МАМАН ӨЗІН ҚАЛАЙ СЕЗІНЕДІ?

Ордабаевтың айтуынша, мемлекеттік органдарда жоғары лауазымға жету үшін орыс тілін білу маңызды болғанымен, қарапайым өмірде қазақ тілін білмеу үлкен кедергіге айналады.

“Жоғары лауазымдарға сен қазақ тілін білмесең де ала беруі мүмкін ал орыс тілін білмесең алмайды. Бірақ қарапайым өмірде басқаша” – дейді ол. 

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС СЫНЫПТАРЫНЫҢ БІЛІМ САПАСЫНДА АЙЫРМАШЫЛЫҚ БАР МА?

Көптеген ата-ананы алаңдататын тағы бір сұрақ — қазақ сыныптарының білім деңгейі орыс сыныптарымен салыстырғанда төмен емес пе?

“Қазақ сыныбы мен орыс тіліндегі бағдарламаға мен білім сапасында айырмашылық жоқ” – дейді педагог. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Қазнетте Петропавл қаласынан шыққан блогердің қазақфобияға қатысты айтқан видеосы қызу талқыланған еді. 

 

YouTube-тағы арна авторы Қазақстанда мемлекеттік тілдің екінші орынға ысырылып, кейбір азаматтардың оған ашық түрде менсінбей қарауын «абсурд жағдай» деп бағалады.

Оның пікірінше, тіл мен мәдениетке деген құрмет – елдегі бейбітшілік пен бірліктің басты кепілі. Блогер өз орыс ұлтының өкілі екенін, бірақ жүрегі қазақ екенін де атап өтті.

Серіктес жаңалықтары