×
515.03
584.82
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.03
584.82
6.24

Яндекс.Таксиге қатысты тексеріс жүргізілді: нәтижесі қандай

Яндекс.Таксиге қатысты тексеріс жүргізілді: нәтижесі қандай
ЖИ / ulysmedia.kz

Қазақстанның бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, Яндекс Таксидің алгоритм арқылы баға қою жүйесіне аудит жүргізді. Бұл тексеру монополияға қарсы комплаенс аясында ұйымдастырылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЕКСЕРІСТІҢ МАҚСАТЫ

Аудит кезінде Яндекс сервисіндегі бағаға әсер ететін барлық шарт пен параметр мұқият тексерілген. Жүйенің қалай жұмыс істейтіні, оның базалық және динамикалық баға компоненттері, сондай-ақ әуежай маңындағы және қаланың шет аймақтарындағы тариф ерекшеліктері қарастырылды.

АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕР

Тексеру барысында баға белгілеу жүйесінде бірнеше тәуекелдер табылды. Олардың бір бөлігі жойылса, қалғандары бойынша Яндекс оларды түзетуге міндеттеме алды.

Атап айтқанда, агенттіктің ұсынысынан кейін Яндекс пайдаланушыларға арналған адалдық бағдарламасын (Яндекс+) қайта қарап, жеңілдіктер шығынын толық өз мойнына алды.

ЯНДЕКСТІҢ ЖАҢА МІНДЕТТЕРІ

Такси тарифтерінің өсуі туралы Агенттікке үш күн бұрын ескерту;

Әуежай маңындағы кейбір тұрғын аудандарды әуежай тариф аймағынан шығару;

Жол жүрудің базалық құнынан екі есе жоғары сомадан комиссия ұстамау;

«Эконом» тарифіндегі комиссияны екі жылда бір реттен жиі көтермеу;

Тарифті максималды сұраныс кезінде үш еседен артық өсірмеу;

Қосымша төлемдерді пайдаланушы қосымшасында анық көрсету;

2025 жылдың 30 маусымына дейін сапар бағасының толық құрылымын қосымшада көрсету;

Пайдаланушылардың шағымдарын қарау тәртібін жақсарту.

ВИРТУАЛДЫ КЕЗЕК ЖҮЙЕСІ

Сонымен қатар, Яндекс сұраныс өте жоғары уақытта (мысалы, ауа райы бұзылған кезде) «Эконом» тарифінде виртуалды кезек жүйесін сынақтан өткізеді. Бұл арқылы пайдаланушылар такси күтіп тұрған адамдар санын көріп, өз таңдауын жасай алады: кезекке тұру, басқа тарифті таңдау немесе қоғамдық көлікпен жүру.

БАҚЫЛАУ КҮШЕЙЕДІ

Яндекстің осы міндеттемелерді орындауын агенттік жанындағы арнайы мониторингтік топ қадағалайды. Бұл топқа мемлекеттік органдардың өкілдері мен кәсіби қауымдастықтардың сарапшылары кірген.

ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА ШАРТТАР

Сонымен қатар, үкіметке жеке такси жүргізушілеріне арналған арнайы салық режимін жеңілдету туралы заңнамалық өзгерістер ұсынған. Бұл шаралар жүргізушілердің табысын арттыруға бағытталған.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, наурызда бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Яндекс.Таксидің тарифтеріне мониторинг жүргізіліп жатқанын мәлімдеген болатын. Агенттік төрағасының орынбасары Болат Самбетов қазіргі уақытта Қазақстанның ірі қалаларында такси нарығының шамамен 90%-ы Яндекске тиесілі екенін айтты.

Шенеунік Яндекс.Такси-ді “ерекше” монополист деп атады, өйткені ол ел бойынша шамамен 300 мың жүргізуші мен олардың отбасыларын жұмыспен қамтып отыр. Дегенмен, Болат Самбетовтің айтуынша, Яндекс.Такси жүргізушілерден жол жүру құнының шамамен 16%-ын ұстайды, ал көршілес Өзбекстанда бұл көрсеткіш 3%-ға төмен. Қазіргі уақытта бұл мәселе компания өкілдерімен талқылануда.

Серіктес жаңалықтары