×
515.03
584.82
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.03
584.82
6.24

Шерзат мерт болған күні келген полицей күдіктінің сыныптасы болып шықты

Шерзат мерт болған күні келген полицей күдіктінің сыныптасы болып шықты
Ulysmedia.kz коллажы

Шерзат ісінде сотталушының сыныптасы Еркебұлан Тоқтарбай мен Жәнібек Әмірақын іске қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Куәгер Еркебұлан Тоқтарбай сотталушы Дархан Әскентайдың сыныптасы. Сотталушы Тоқтаубаев Нұрбол мен Азамат куәгер Еркебұлан Тоқтарбайдың жолдас баласының інілері. 

- Дарханмен (сотталушы) бір ауылда тұрамыз, арасында кездесіп тұратынбыз. Оқиға болған күні сыныптасым Айдынның үйіне кешке жиналамыз деп келіскенбіз. Сол күні кешкі сегіз шамасында Дархан да келді. Бір кезде Дархан кетіп қалды да, он минут шамасында қайтып келді. Қолында сыра болды. Артынан Айдын мен Дархан кішкене ішіп алды. Он жарымға үйде таман көлігімді жөндеп біттік те қайтпақ болдық. Менделеев көшесіндегі дүкен жолдың бойында болған. Мен Дарханды сол жерге тастап кеттім. Маған ештеңе айтпады, тек дүкен жақтан тастап кетші деді, үйі сол жерде болған. Көлікте біреумен сөйлесіп отырды, біреуден мың теңге жіберші деп отырды, дейді Еркебұлан Тоқтарбай. 

Ол дүкеннің жанында болған оқиға туралы әлеуметтік желіден естігенін айтты. 

ТАҒЫ БІР СЫНЫПТАСЫ КЕЛДІ

Сонымен қатар, сотталушының тағы бір сыныптасы, Талғар ауданы полиция басқармасының рота патрульдік полиция қызметкері Жәнібек Әмірақын оқиға болған күн туралы айтып берді. 

- Жедел кезекшінің нұсқауы бойынша Менделеев көшесінде төбелес болып жатыр деген хабар түсті. Оқиға орнына бардым. Бұрылыста бір топ адаммен сөйлестім. Басында жердегі қанды көрдім. Адамдар бір бала пышақталған, оны әкесі емханаға алып кетті деді. Бәрін кезекші бөлімге хабарладым. Кейін күдікті автокөліктерді тауып, кезекшіге хабарластық. Сол кезде бір жігітті байқадық, оны әріптесім екеуіміз ұстадық. Ол “иә, мен Менделеев көшесінде болдым, төбелеске қатысым бар” деді. Ол Әскентай Дархан (сотталушы) болып шықты. Дархан сыныптасым болса да бірден танымадым, себебі көзі ісіп кеткен, оның үстіне қараңғы болды. Ішімдіктің иісі сезілді, дейді Жәнібек Әмірақын. 


Фотода: Жәнібек Әмірақын

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін екінші куәгер Дана Жақсыкелді жауап берген болатын. Сонымен қатар, үшінші куәгер Юлдаш Розыбакиев сотталушы Абзал мен Нұрқиясты ғана танитынын айтты. Ол қалған сотталушыларды танымайтынын жеткізді. Шерзат ісінде тағы бір куәгер Арлан Қазыкенов жауап берді. 

Одан бөлек, 28 сәуір күні Талғардағы қанды төбелесте қаза тапқан Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процесіне бесінші куәгер Самат Абдықадыр келіп, тараптардың сұрағына жауап берді. Самат – сотталушы Дидар Қалиахметовтің бауыры. 

Сотта күдіктінің тағы бір бауыры Дәулет Мұратов та келіп, тараптардың сұрағына жауап берді. 

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Өткен аптада Шерзат Полат ісі бойынша сот процесі қалай өткенін мына екі сілтемеден көруге болады.

Серіктес жаңалықтары