×
515.03
584.82
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.03
584.82
6.24

«Мылтық атылғанын естіген кезде қорқып кетіп қалдым»: Шерзат сотындағы кезекті куәгердің жауабы

Бүгін, 14:50
«Мылтық атылғанын естіген кезде қорқып кетіп қалдым»: Шерзат сотындағы кезекті куәгердің жауабы
Ұлысмедиа коллажы

Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесінде бүгін Талғат Әшірбаев атты куәгер жауап беріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Талғат Әшірбаев сотталушылардың бірнешеуімен колледжде бірге оқыған.

“Эйфория” кафесіне барғанбыз. Ресторан жайлы сөйлеспек едік. Кассаға барсам, Еркебұлан деген жігіт жоқ болып шықты. Төрде Абзал, Равиль екеуі отырды. Абзалды жеке танысам да, қалғанын сырттай білетінмін. Сыртқа шығып едім, артымнан олар да ілесіп шықты. Абзал мен Нұрқияс бар жеті-сегіз адам шықты. Арасында екі қыз бар. Абзал “Мерске” сыймай, “Жастар” стадионына мені апарып тастауды өтінді. Мен келістім. Қалғаны Шыңғыстың “Мерсіне” мінді. “Қай жерге дейін апарайын?” деп едім, Абзал” Мерс” тұрған жерге қалдырып кетсең болады” деді. “Мерс” Қамажай дүкені алдында тұр екен. Абзал дүкен жаққа қарай жүгіріп кетті. Мен сол жерден кетіп қалдым, – дейді ол.

Талғат Әшірбаев дүкен алдында екі қызды көргенін айтады. Өзі біреулер сол жерде айғайласып жатқанын көрген. “Абзал ортаға қарай жүгірді, ерегес болып жатты” дейді ол.

Мылтықтың үнін естіген кезде кетіп қалдым. Жақында үйленетін едім. Қорыққаннан шыны керек кетіп қалдым, – дейді ол.

Әшірбаев 10-15 минуттан кейін қайтадан көлікпен “Қамажай” дүкенінің алдында Шерзаттың анасының жедел жәрдемді шақырып айғайлап жатқанын, екі адам жерде жатқанын көргенін айтады.

Жәбірленушілердің адвокаты “қайтып келген кезде неліктен жедел жәрдемге немесе полицияға хабарласпадыңыз?” деп сұраған. Куәгер полицияға хабарласуға қорыққанын, “бәле-жаладан сақтанғанын” айтты. Әшірбаев екінші рет өткен кезде “Қамажай” алдына тоқтамай, тіке өтіп кеткен.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Өткен аптада Шерзат Полат ісі бойынша сот процесі қалай өткенін мына екі сілтемеден көруге болады.

Серіктес жаңалықтары