×
515.03
584.82
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.03
584.82
6.24

Мылтықты Шерзат алып келді – ағасы Нұрқанаттың тергеудегі видеосы жарияланды

Бүгін, 16:03
Мылтықты Шерзат алып келді – ағасы Нұрқанаттың тергеудегі видеосы жарияланды
Ұлысмедиа коллажы

Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесінде бүгін түстен кейін марқұмның қаза болған ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың тергеу кезінде берген жауабының видеосы жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видеода Нұрқанат Ғайыпбаев тергеушілердің сұрақтарына жауап бергені көрсетілген. Нұрқанаттың төсекте жатқанына қарағанда емделіп жатқанын, төбелестен кейін көп уақыт өтпегенін аңғаруға болады.

Мылтықты ма? Қай жерден алып келгенін білмеймін, Шерзат алып келді. Түсінген жоқпын. Племяннигім әкелді. Біреуі звандап, балаларын шақырады стрелкаға. Мен жарты сағаттан көлікпен келген болсам, Нұрболат және “гольфпен” тағы бір жігіт келді. Мен олармен сөйлестім. “Пьяный базар – не базар, ол болмайды, қалай болса да мас адам мастығын істейді ғой” деп сөйлестім. Мен бауырымды (Шерзатты) қайтарып жібергенмін ғой. Ол кетеді. Олар “брәшкәңді шақыр, кешірім сұрай салсын, сонымен халас” деді Нұрболат. Чина, Мина деген біреулерді телефонмен шақырды. Жігітше питак берді. Болды дедім. Бірақ бір машина, екінші тағы бір машина келді, – дейді Нұрқанат Ғайыпбаев.

НҰРҚАНАТТЫҢ ТЕРГЕУДЕГІ ЖАУАБЫ

Бұған дейін Нұрқанат Ғайыпбаевтың тергеу кезіндегі жауаптарын жазған едік. Толығырақ осы тұста

НҰРҚАНАТТЫҢ ҚАЗАСЫ

Ресми мәліметке сәйкес, Нұрқанат Ғайыпбаев өз-өзіне қол салған. Полиция ер адам күзетілетін объектіден сағат 23:30-да жеке автокөлікпен шығып кеткенін хабарлады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін екінші куәгер Дана Жақсыкелді жауап берген болатын. Сонымен қатар, үшінші куәгер Юлдаш Розыбакиев сотталушы Абзал мен Нұрқиясты ғана танитынын айтты. Ол қалған сотталушыларды танымайтынын жеткізді. Шерзат ісінде тағы бір куәгер Арлан Қазыкенов жауап берді. 

Одан бөлек, 28 сәуір күні Талғардағы қанды төбелесте қаза тапқан Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процесіне бесінші куәгер Самат Абдықадыр келіп, тараптардың сұрағына жауап берді. Самат – сотталушы Дидар Қалиахметовтің бауыры. 

Сотта күдіктінің тағы бір бауыры Дәулет Мұратов та келіп, тараптардың сұрағына жауап берді. 

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Өткен аптада Шерзат Полат ісі бойынша сот процесі қалай өткенін мына екі сілтемеден көруге болады.

Серіктес жаңалықтары