×
515.03
584.82
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.03
584.82
6.24

Баян Алагөзованың қызы Эйр Астанаға шүйлікті

Бүгін, 21:25
Баян Алагөзованың қызы Эйр Астанаға шүйлікті
Әлеуметтік желіден

Белгілі қазақстандық продюсер Баян Алагөзованың қызы, блогер Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желіде Air Astana әуе компаниясымен байланысты жағымсыз оқиға туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

УАҚЫТЫНДА ХАБАРЛАМАҒАН

Оның сөзінше, әуекомпания Астанадан Алматыға таңғы рейстің тоқтатылғаны жайлы уақытында хабарламаған. Айсәуле үш кішкентай баласымен әуежайға келген, олардың ең үлкені – үш жаста ғана. Отбасы алдын ала сатып алынған билетпен таңғы сағат 07:00-де ұшуды жоспарлаған. Алайда әуежайға келген кезде рейстің мүлде болмайтынын естіген.

«Үш баланы таңғы сағат бесте оятып, әуежайға жетіп, рейстің болмайтынын және келесі рейске билет жоқ екенін есту – аналар түсінеді бұл қандай жағдай екенін», – деп жазды Айсәуле өзінің парақшасында.

КОМПАНИЯ НЕ ДЕЙДІ

Air Astana өкілдері барлық жолаушыларға рейстің өзгергені жайлы алдын ала хабарланғанын айтады. Олардың мәліметінше, ескерту 28 сәуір күні сағат 19:00-де жіберілген. Алайда Айсәуле бұл хабарламаны тек 29 сәуір күні таңертең, жоспарланған ұшу уақытынан бір сағат өткен соң ғана алғанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары