×
515.03
584.82
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.03
584.82
6.24

Еуропа көшбасшылары Киевтегі саммитке қатыспайды

Бүгін, 22:30
Еуропа көшбасшылары Киевтегі саммитке қатыспайды
Ашық дереккөзден

Украина 9 мамырда Киевте өткізілетін парадқа бірқатар еуропалық көшбасшыларды шақырғанымен, олардың көбі бұл шараға келе алмайтыны белгілі болды. Бұл парад Мәскеудегі Жеңіс шеруіне балама ретінде ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТУСК, СТАРМЕР ЖӘНЕ МЕРЦ ШАРАҒА ҚАТЫСПАЙДЫ

Польша премьер-министрі Дональд Туск 9 мамырда Франция президенті Эммануэль Макронмен қауіпсіздік жөніндегі келісімге қол қою үшін Нанси қаласына барады. Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Ослода өтетін қорғаныс саммитіне қатыспақ. Ал Германияның болашақ канцлері Фридрих Мерц үкіметі ресми түрде бекітілмейінше, сапардан бас тартқан.

ЕУРОПА МИНИСТРЛЕРІ ЛЬВОВҚА БАРУЫ МҮМКІН

Болжам бойынша, Еуроодақ елдерінің сыртқы істер министрлері 9 мамырда Львовқа сапармен келуі мүмкін. Ал Еуропа көшбасшылары Мерц канцлер болғаннан кейін алғашқы апталарда Украинаға жеке сапармен келуді қарастырып жатыр.

КИЕВ ШАҚЫРУЫ: ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ КҮШТІҢ КӨРСЕТКІШІ

Украина үкіметі 14 сәуірде ЕО елдерінің көшбасшыларын Киевке 9 мамыр күніне шақырды. Бұл әрекет Мәскеудегі жыл сайынғы әскери шеруге қарсы дипломатиялық күшті көрсетуге бағытталған.

СИБИГА: "БІРЛІК ПЕН ЖІГЕРДІ КӨРСЕТЕЙІК"

Украинаның сыртқы істер министрі Андрей Сибига еуропалық әріптестеріне үндеу тастап, Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі Еуропадағы ең ірі агрессия жағдайында бірлік пен табандылық танытуға шақырды.

КАЛЛАС ЕСКЕРТТІ, БІРАҚ ФИЦО МЕН ВУЧИЧ МӘСКЕУГЕ БАРАДЫ

Еуропалық дипломатия жетекшісі Кая Каллас ЕО-ға үміткер елдерді Мәскеудегі Жеңіс күнін тойлауға қатыспауға шақырды. Дегенмен, болжам бойынша, Ресейдегі 9 мамыр шеруіне Словакия премьері Роберт Фицо мен Сербия президенті Александр Вучич қатысады.

Серіктес жаңалықтары