×
512.32
582.92
6.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.32
582.92
6.29

Мемлекеттік жарналар 5%-ға дейін өседі – МӘМС заңына өзгеріс енгізгелі жатыр

Бүгін, 10:27
Мемлекеттік жарналар 5%-ға дейін өседі – МӘМС заңына өзгеріс енгізгелі жатыр
Ұлысмедиа коллажы

Мәжілісте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрдің айтуынша, президент «медициналық көмектің бірыңғай базалық пакетін» қалыптастыруды тапсырған. Ал одан өзге шығынның бәрі сақтандыру жүйесі арқылы төленуге тиіс.

САЛМАҚ ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕРГЕ ТҮСЕДІ

2027 жылдан бастап қаржыландырудың сақтандыру үлгісіне көшу үшін осы заң жобасы бойынша біршама өзгеріс енгізу көзделген. Министр ең біріншіден, медициналық қызметтердің бірыңғай пакетін енгізуі әлеуметтік маңызы бар ауруларды ерте анықтап және екі пакеттің әкімшілік басқаруды жеңілдетеді деп есептейді. Пакеттен пакетке ауыстырып қаржыландыру жүйелік кемшілікті жойып, денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын арттыратынын айтады. Министрдің сөзінше, азаматтардың МӘМС жүйесіне толыққанды қатысуы үшін ынталандыруларуға мүмкіндік береді.

Жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін (2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап) МӘМС жүйесіне жарналарды есептеу базасының жоғарғы шегін (10-нан 50 ЕТЖ-ға дейін) арттыру ұсынылады. Бұл өзгерістер барлық жалдамалы қызметкерлердің шамамен 9%-ына немесе 508 мыңға жуық адамға және олардың жұмыс берушілеріне қатысты болады. Әлемдік тәжірибеде табыс деңгейі бойынша шектеу еш жерде қолданылмайды. Нәтижесінде біз МӘМС жарналарының регрессивті салық салуынан бірыңғай шкалаға көшеміз. Былтыр 7 ақпанда мемлекет басшысы жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттырып, әлеуметтік жағынан осал топтағы кейбір азаматтар үшін медициналық сақтандыру жүйесіне аударылатын төлемдерді жергілікті бюджеттен бөлуді тапсырды. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін тікелей жауапкершілігін ескере отырып, ресми тіркелген жұмыссыздар үшін МӘМС-ке жарналарды төлеу шығындарын жергілікті бюджеттерге жүктеу көзделген, – дейді Әлназарова.

Бұдан басқа, ресми тіркелген жұмыссыз азаматтардың МӘМС жарналарын төлеу шығыстарын жергілікті бюджеттерге жүктеу ұсынылады. Осы шаралардың есебінен, 2026 жылы МӘМС жүйесімен қосымша бір миллионнан астам адам қамтылып, жоспарлы медициналық көмекке қол жеткізуге мүмкіндік беріп, ұлттың жалпы денсаулығы мен әл-ауқатын арттырады.

Д ЖӘНЕ Е САНАТТАРЫ

Әкімдіктердің төлемдеріне қарамастан қордың тарапынан  Д және Е санаттарындағы тұлғаларға ай сайын “сақтандырылған” мәртебесі беріледі. Осы тұлғалар үшін әкімдіктердің төлемі медициналық көмекке жүгінген сәттен бастап және жыл аяғына дейін іске асырылады. Аталған санаттағы тұлғаларды анықтау, сақтандырылған мәртебесін беру және сақтандыру жарналарын төлеу механизмі пысықталған. Сақтандыру мәртебесін алуға құқылы және медициналық қызмет алған адамдардың тізілімдерін ақпараттық жүйелерде анықтау үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі,  Қор және жергілікті атқарушы органдарменмен бірлесіп жұмыс атқарылған.

Д және Е санаттары үшін ЖАО есептеудің бірыңғай объектісі бойынша өңірлерде орташа айлық жалақы деңгейінің айтарлықтай айырмашылығы бар. Мысалы, 2023 жылы Атырау облысы бойынша орташа айлық жалақы мөлшері 557 736 теңгені құраса, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 237 538 теңгені құрады. Бірыңғай республикалық орташа айлық жалақы мөлшерін қолдану осы айырмашылықты жояды. 

Бұл жалақысы төмен өңірлерде жергілікті бюджеттердің артық міндеттемелеріне, ал экономикасы жоғары деңгейдегі өңірлерде төмен жүктемеге әкелуі мүмкін және қаржылық жүктемені бөлудің әділеттілік пен тепе-теңдік қағидаттарын бұзады. Өңірлік орташа айлық жалақыны пайдалану  әдісі жергілікті халықтың өмір сүру және табыс деңгейін дәлірек ескеруге мүмкіндік береді. 2027 жылдан бастап мемлекеттің МӘМС-ке жарналарының мөлшерлемелерін біртіндеп арттыру көзделген. Осылайша, 2015 жылғы МӘМС туралы Қазақстан Республикасы Заңының бірінші редакциясында қарастырылған бастапқы қаржылық үлгіге ішінара қайта оралу ұсынылады. Заң жобасында мемлекеттік жарналардың мөлшерлемелерін 2027 жылдан бастап 2037 жылға дейін кезең-кезеңімен 3%-ға (әр екі жыл сайын 0,5%-дан) арттыру көзделген, яғни 2%-дан 5%-ға дейін болады, – дейді министр.

Әлназарова депутаттардан заң жобасын қолдауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары