×
512.32
582.92
6.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.32
582.92
6.29

Еуропада жаппай жарық өшті: Қазақстанда мұндай қауіп бар ма

Бүгін, 12:55
Еуропада жаппай жарық өшті: Қазақстанда мұндай қауіп бар ма
Ұлысмедиа

Бұл сұрақты мәжіліс кулуарында Ulysmedia.kz тілшісі энергетика министрі Ерлан Ақкенженовке қойды.

Мұндай қауіп жоқ. Себебі жаңартылатын энергия көздерінің үлесі бізде 6.43 пайыз. Ал Еуропада 43 пайыз. Мұның айырмашылығы өте көп. Жел соқпаса немесе күн шықпай қалса ол жақта электр энергиясының генерациясы болмайды. Бізде дәстүрлі генерацияның үлесі өте жоғары, – деді министр. 

Дүйсенбі күні Испания мен Португалияда болған жаппай жарық өшіру Еуропа тарихындағы ең ірі апаттардың біріне айналды.

The Objective басылымының мәліметінше, Испания экономикасына келген залалдың көлемі 1 миллиард еуродан кем болмайды. Сарапшылар бұл — алдын ала жасалған есеп қана екенін, нақты шығын бұдан да жоғары болуы мүмкін екенін айтады. Кәсіпорындар мен дүкендердің жабылуы елдің жалпы ішкі өніміне (ЖІӨ) елеулі әсер етпек.

Испанияның тәуліктік ЖІӨ шамамен 4,1 миллиард еуроны құрайды, соның 14 пайызы немесе 575 миллион еуросы — жарық өшіру салдарынан ең қатты зардап шеккен өнеркәсіп саласына тиесілі. Сонымен қатар қызмет көрсету саласы да шамамен 500 миллион еуро көлемінде шығынға ұшырады.

Серіктес жаңалықтары