×
512.34
582.07
6.31
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.34
582.07
6.31

Ресей бизнесі Қазақстанға офшор арқылы келіп жатыр

Ресей бизнесі Қазақстанға офшор арқылы келіп жатыр
Ulysmedia.kz коллажы

Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкиннің айтуынша, Ресейдің Қазақстанға салған инвестиция көлемі ресми көрсеткіштерден екі есе көп, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Елшінің сөзінше, мұндай айырмашылық ресми органдардың офшорлық аймақтар арқылы келетін қаражатты есепке алмауынан туындап отыр.

– Өткен жылы Ресей Қазақстанға ең көп инвестиция құйған ел болды. Оның көлемі 4 миллиард доллардан асты, – деді ол.

ЭКОНОМИКАНЫҢ БАРЛЫҚ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ

Бородавкин Ресей капиталы тек пайдалы қазбалар саласына ғана емес, сонымен қатар металлургия, машина жасау, ғарыш, электр энергиясын өндіру, көлік, мұнай-химия және газ-химия салаларына, тыңайтқыш өндірісіне, ауыл шаруашылығына, IT, жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК), қызмет көрсету секторына және басқа да салаларға салынғанын айтты.

– Қазақстан экономикасында ресейлік капитал мен технология қатыспаған сала жоқ деуге болады, – деді ол.

БЕЙРЕСМИ ЕСЕПТІҢ НӘТИЖЕСІ

Ресей елшісі ресми статистикада тек жиналған инвестициялар көрсетілгенін айтып өтті.

– Ресми мәліметтерге сәйкес, ресейлік инвестициялар көлемі 27 миллиард доллар шамасында. Бірақ бұл көрсеткіштер офшор арқылы Қазақстанға келген ресейлік қаржыны қамтымайды. Ал бизнес өкілдері инвестиция салудың дәл осы тәсілін кеңінен қолданады. Осыған байланысты Ресейдің Қазақстандағы елшілігі мен сауда өкілдігі ресейлік капиталдың офшор арқылы елге құйылған ағынын бейресми түрде есептеуге тырысты. Біздің бағалауымызша, бұл көлем ресми көрсеткіштен екі есе көп — шамамен 56 миллиард доллар болды, – деді Бородавкин ТАСС агенттігіне берген сұхбатында.

Серіктес жаңалықтары