×
512.34
582.07
6.31
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.34
582.07
6.31

Миллиард қайда жоқ болып кетті: Астанада Қожағапановтың ісі бойынша сот тергеуі аяқталды

Бүгін, 13:23
Миллиард қайда жоқ болып кетті: Астанада Қожағапановтың ісі бойынша сот тергеуі аяқталды
Ulysmedia

Бүгін, 2 мамырда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында мәдениет және спорт вице-министрі болған Ерлан Қожағапанов пен SUCCESS K агенттігінің бас директоры Ләззат Көккозоваға қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгін күндізгі сот отырысында процеске төрағалық етіп отырған судья Қанат Тобағалиұлы сот тергеуі аяқталғанын жариялады. Түстен кейін тараптар жарыссөзге көшеді.

Сот тергеуі аяқталды деп жариялаймын, – деді судья.

Айта кетейік, бүгінгі сот отырысында айыпталушылардың адвокаттары бірнеше өтініш жолдады. Бұрынғы вице-министрдің қорғаушылары тергеу изоляторында отырған экс-шенеуніктің бұлтартпау шарасын өзгертіп, үйқамаққа ауыстыруды тағы да сұрады. Судья бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Ал Ләззат Көккозованың адвокаты сотта бұған дейін жауап берген сарапшының қорытындысын жоққа шығаратын бағалаушылар палатасының қорытындысын ұсынды. Судья бұл өтінішті қабылдап, құжатты қылмыстық іс материалдарына тіркеді.

ҚОЖАҒАПАНОВТЫҢ СОТЫ

Еске салайық, биыл 7 сәуір күнгі отырыс бірқатар адвокаттық өтініштермен және Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастық форумын ұйымдастыруға кеткен шығындарға қатысты дау-дамаймен өткен еді. Мұның алдындағы сот отырыстарында Қожағапанов Антикорға шүйлікті. Ол агенттік басшылығындағы адамдардың бірі басқа бап бойынша айыптап жатқанын, ол бойынша 12 жылға дейін сотталуы мүмкін екенін айтып, шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқанын айтты.  Сонымен қатар, Ерлан Қожағапановқа қатысты сот отырысында тағы бір айыпталушы - Ляззат Көккөзова мәлімдеме жасады.

ҚОЖАҒАПАНОВ НЕ ҮШІН ҰСТАЛДЫ

Қожағапов былтыр наурызда ұсталғанын антикор хабарлаған еді. Ресми ақпарат бойынша, ол коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет ете отырып, ол 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру бойынша шарт жасасуды қолдаған. “Бұл ретте форумды өткізу үшін смета екі есе өсті, бұл бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына әкеліп соқты” деген сол тұста антикор.

Серіктес жаңалықтары