×
512.34
582.07
6.31
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.34
582.07
6.31

Бізде Украинадағы соғыстан бөлек шаруалар жетеді – АҚШ мемлекеттік хатшысы

02.05.2025, 17:50
Бізде Украинадағы соғыстан бөлек шаруалар жетеді – АҚШ мемлекеттік хатшысы
Марко Рубио. Фото: Anna Rose Layden / AP Photo

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Украинадағы соғыстан да маңыздырақ жаһандық қауіп-қатерлер барын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

РУБИО НЕ ДЕЙДІ

Бұл соғыс Джо Байденнің тұсында басталып, үш жылдан бері жалғасып келеді. Осы уақыт ішінде оны аяқтау үшін ешқандай шынайы әрекет жасалған жоқ. Бұл соғыстың әскери жолмен шешімі жоқ. Шын мәнінде, Путин бүкіл Украинаны басып ала алмайды, ал Украина ресейліктерді 2014 жылғы шекараға дейін толық шегіндіре алмай отыр. Сонда сұрақ туындайды: әлемде екі тараппен де сөйлесе алатын, оларды келісімге әкеле алатын жалғыз көшбасшы кім? Бұл — президент Трамп. Ол соған ұмтылып жатыр, — деді Рубио.

Рубионың айтуынша, соңғы үш жылда алғаш рет Вашингтонда: «Украинаны тоқтатуға не мәжбүр ете алады және Ресейді не тоқтатуы мүмкін» деген мәселеге қатысты белгілі бір түсінік пайда болған.

Тараптардың ұстанымы әлі де бір-бірінен тым алшақ. Бірақ біз бас тартпаймыз – яғни көмектесе алатын мүмкіндік туса, біз дайын боламыз. Дегенмен бір сәтте президент: егер тараптардың бірі немесе екеуі де келісімге дайын болмаса, онда бұл мәселеге тағы қанша уақыт пен ресурс жұмсау қажет деген шешім қабылдауға мәжбүр болады. Өйткені бізде әлемде бұдан да маңыздырақ болуы мүмкін өзге де сын-қатерлер бар. Мен Украинадағы соғыс маңызды емес демеймін. Бірақ менің ойымша, Қытаймен байланысты жағдай – болашақ үшін, бүкіл әлем үшін ұзақ мерзімді перспективада маңыздырақ, — деді Рубио.

УКРАИНАДАҒЫ СОҒЫС

Украинадағы соғыс 2022 жылдың 24 ақпанында Ресейдің кең ауқымды басып кіруімен басталды. Бұл қадам Кремльдің "арнайы әскери операция" деген атауымен жүргізілгенімен, іс жүзінде ол тәуелсіз мемлекетке қарсы толыққанды соғысқа айналды. Ресей бастапқыда Киевті тез басып алуды көздегенімен, украин армиясы мен қоғамының қарсылығы мұндай жоспарларға жол бермеді..

Кейінгі үш жылда ұрыс қимылдары елдің оңтүстігі мен шығысында, әсіресе Донецк, Луганск, Запорожье және Херсон облыстарында шоғырланды. Украина Батыстан әскери және қаржылай қолдау алып, жаулап алынған аумақтарды қайтаруға күш салды. Алайда Ресей де мобилизация жариялап, дрондар мен зымырандар арқылы инфрақұрылымға соққы беруді жалғастырып келеді.

Саяси шешімге келу талпыныстары сәтсіз аяқталып жатыр. АҚШ сенаторы әрі мемлекеттік хатшы Марко Рубионың пікірінше, бұл соғыстың әскери жолмен шешімі жоқ.

Қазір соғыс ұзаққа созылған, позициялық сипаттағы қарулы қақтығысқа айналды. Бітім болашағы бұлыңғыр, ал әлемдік державалар Қытай, Таяу Шығыс пен Тынық мұхиты аймағындағы жаңа сын-қатерлерге назар аударып жатқан тұста, Украина тақырыбы халықаралық күн тәртібінен екінші қатарға ығысып барады.

Серіктес жаңалықтары