×
516.16
584.86
6.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.16
584.86
6.25

Қазақстанда тауарлар мен қызметтер екі таңбалы өсіммен қымбаттап жатыр

Бүгін, 13:15
Қазақстанда тауарлар мен қызметтер екі таңбалы өсіммен қымбаттап жатыр
Ulysmedia

Сәуір айында жылдық инфляция 10,7% болып, бір айда 0,7 пайыздық пунктке артты. Екі таңбалы көрсеткіш қатарынан екінші рет тіркеліп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Бірінші несие бюросына сілтеме жасап.

МӘН-ЖАЙ

Ең көп қымбаттағаны — ақылы қызметтер: жылдық өсімі 15,7%, бұл наурызбен салыстырғанда 1,2 пайыздық пунктке жоғары. Бұл — кейінгі 14 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Ақылы қызметтер жалпы баға өсіміне ең үлкен үлес қосты — 4,5 пайыздық пункт. Оның негізгі бөлігін тұрғын үй-коммуналдық қызметтер (1,8 п.п.) мен денсаулық сақтау саласы (1,4 п.п.) құрады.

Осы уақытта азық-түлік емес тауарлар азық-түлікке қарағанда сәл жоғары қарқынмен өскен — жылдық көрсеткіш бойынша сәйкесінше 8,9% және 8,5%.

— Дегенмен, наурызбен салыстырғандағы өзгеріс әртүрлі: азық-түлік емес тауарлар өсімінің қарқыны 0,2 пайыздық пунктке баяуласа, азық-түлік тауарлары керісінше, 0,9 пайыздық пунктке жылдамдады. Айта кетерлігі, жалпы инфляцияға азық-түлік тауарлары көбірек әсер етіп отыр — 3,5 п.п., ал азық-түлік емес тауарлардан 2,6 п.п., — делінген мақалада.

Айлық инфляция екі ай қатарынан төмендеп келе жатқанына қарамастан, әлі де салыстырмалы түрде жоғары — 1,2% (наурызбен салыстырғанда 0,1 п.п.-ке төмен).

Серіктес жаңалықтары