×
516.16
584.86
6.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.16
584.86
6.25

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

Бүгін, 16:50
Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті
Ашық дереккөзден

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Atyrau online-ға сілтеме жасап.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Қайғылы оқиға 3 мамыр күні сағат 17:25 шамасында Атырауға қарасты Еркінқала ауылында болды. Балық аулау кезінде 17 жастағы жасөспірім моторлы қайықтан өзенге құлап, суға батып кеткен.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, іздестіру-құтқару жұмыстарына 19 құтқарушы, 5 техника және 6 жүзу құралы, сонымен қатар полиция тарапынан сегіз қызметкер, үш техника және бір қайық жұмылдырылған. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Суға кеткен жасөспірім 2007 жылы туған, дзюдомен айналысқан, жарыстарға қатысып жүрген.

Серіктес жаңалықтары