×
516.16
584.86
6.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.16
584.86
6.25

Электронды темекі харам емес – Ислам ғалымы күтпеген мәлімдеме жасады

Электронды темекі харам емес – Ислам ғалымы күтпеген мәлімдеме жасады
Ulysmedia.kz коллажы

Таяу Шығыстағы ең ірі телеарналардың бірі – «Аль-Хаят» эфирінде ықпалды ислам ғалымы, шейх Али Жума (Гомаа) дін мен темекіге қатысты тақырыпты қайта көтеріп, электронды темекіге байланысты көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ХАРАМ БА, ЖОҚ ПА

Исламда темекінің зияны жайлы мәселе үнемі көтеріліп келеді. Құран мен басқа да негізгі діни мәтіндерде темекіге тікелей тыйым салынбаған, себебі ол зат ислам діні түскен кезеңде белгілі болмаған. Дегенмен исламның негізгі қағидалары бұл мәселеге қатысты белгілі бір бағдар береді. Осы қағидаларға сүйене отырып, мұсылман ғалымдары темекі тарту — харам, яғни тыйым салынған іс деген тұжырымға келген.

Атап айтқанда, ислам өзіне де, өзгеге де зиян келтіретін әрекеттерді тыйым салады. Ал кәдімгі темекі шегу барысында шамамен 7000-ға жуық зат пайда болады, оның ондағаны аса улы әрі зиянды. Олардың арасында көміртек тотығы, бензол булары мен түрлі шайырлар бар. Бұлар онкологиялық аурулар да қоса алғанда, жұқпалы емес көптеген дерттердің туындауына себеп болады.

Алайда технологиялық прогресс дамып, заманауи құрылғылар пайда болды. Қазір темекіні өртеудің орнына оны тек қыздыратын гаджеттер бар. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, мұндай түтінсіз баламалар аэрозоль бөледі, ал оның зияны кәдімгі темекі түтініне қарағанда 95%-ға төмен.

ПӘТУАҒА ТОЛЫҚТЫРУ

«Аль-Хаят» мемлекеттік телеарнасындағы «Дін мен өмір нұры» атты танымал бағдарламада шейх Али Жума “денсаулыққа зиянды азайтатын қыздыру жүйелерін мұсылман қолдана ала ма?” деген маңызды сұрақ көтерді.

Оның жауабы мынадай: қазіргі заманғы түтінсіз құрылғылар мен қыздыру жүйелері, мысалы, IQOS — бұрын жарияланған темекіге қатысты фәтуа шеңберіне кірмейді. «Ислам зиянға тыйым салады, бірақ зиянды азайтатын жолға тыйым салмайды. Егер өнімнің айтарлықтай зияны дәлелденбесе, ол харам саналмайды. Исламда жаңа нәрсенің зияны дәлелденбегенше, ол рұқсат етілген болып есептеледі», — деді шейх Али Жума.

2005 жылы Мысырдың бас мүфтиі әрі пәтуа мен діни шешімдер шығаратын жоғарғы орган — Дар аль-Ифта басшысы ретінде ол темекіні шариғатқа қайшы, күнә іс деп жариялаған пәтуаға қол қойған. Мұндай тұжырымға келуіне темекінің адам денсаулығына тікелей зияны себеп болған. Бұл зиян медициналық ғылыммен нақты дәлелденген. Бірақ зиянды азайтуға бағытталған баламаларға басқа көзқарас қажет.

- Темекіні қыздыруға арналған жүйелер мен электронды құрылғылар — темекіге тыйымды айналып өту амалы емес, керісінше, зиянды азайтудың жолы. Сондықтан оларды сыртқы пішініне емес, ішкі мәніне қарап бағалау қажет, — деп түсіндірді шейх.

Ол ислам құқық тарихында темекіге деген қатынас әр кезеңде әртүрлі болғанын еске салды. Мысалы, XIX ғасырда ислам ғалымдары темекі тартуға қатаң қарамаған, тіпті кейбіреулері оны «макрух» (жақсы емес, бірақ тыйым салынбаған) немесе шамамен рұқсат етілген деп санаған. Тек XX ғасырдың соңынан бастап, оның зияны нақты дәлелденген соң ғана темекіге харам үкімі берілді.

Кәдімгі темекі жүрек-қан тамырлары ауруларының (инфаркт, инсульт), өкпе обыры, өкпенің созылмалы аурулары сияқты көптеген дерттердің негізгі себептерінің бірі ретінде қарастырылады. Ал темекі қыздыру құрылғылары, керісінше, темекі шегуден туындайтын зиянды азайтуға көмектеседі. Бұлардың басты айырмашылығы — жану процесінің болмауында. IQOS сияқты жүйелерде темекі қоспасы 350 градус температурада жанбай, аэрозоль бөледі. Бұл аэрозоль құрамында жану кезінде пайда болатын улы заттар болмайды. Шейх Али Жума бұл фактіні негізгі аргумент ретінде қарастыруды ұсынады.

- Ислам құқығы зиянды жою қағидатына негізделеді. Егер жаңа тәсіл зиянды азайтса — бұл дұрыс бағыттағы қадам. Егер ол темекіден бас тартуға көмектесе алса — онда ол қолдауға лайық», — деді шейх.

НИКОТИН ТУРАЛЫ

Ғылымда никотиннің тәуелділік тудыратыны дәлелденген, бірақ темекіге байланысты аурулардың негізгі себебі ол емес. Никотин қызанақ пен картоп сияқты кең таралған азық-түліктерде де кездеседі. Ол өзі масайтпайды және сананы өзгертпейді. Ал исламда егер бір зат айтарлықтай зиян келтірмесе және ес-түс жағдайын өзгертпесе, ол тыйым салынбайды. Сол себепті темекіден бас тартқысы келетін адамдарға никотинді пластырь сияқты құралдар ұсынылады.

- Темекіні тастау үшін никотинді пластырь қолдануға болады. Бұл оразаны да, намазды да бұзбайды, — деп 2007 жылы шейх Мұхаммад Салих әл-Мунаджид жетекшілік ететін Islam Q&A академиялық ресурсы шешім шығарған.

Серіктес жаңалықтары