×
516.16
584.86
6.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.16
584.86
6.25

Неге Ресей компанияларының мүддесін қорғайсыздар – өнеркәсіп министрлігі басшыларына өткір сұрақ қойылды

Бүгін, 13:23
Неге Ресей компанияларының мүддесін қорғайсыздар – өнеркәсіп министрлігі басшыларына өткір сұрақ қойылды
Ұлысмедиа коллажы

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкеновке ресейлік құрылыс материалдарын өндіруші компаниялардың мүддесін неге қорғайсыздар деген сұрақ қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Журналистер вице-министрге Астанада салынып жатқан үш көпфункционалды орталықты еске салды. Олар Қажкеновтің назарын бұл нысандарда ресейлік құрылыс материалдары пайдаланылып жатқанына аударды. Ал Қазақстанда дәл сондай өнім шығаратын зауыттар бар.

Астанада үш көпфункционалды орталық салынып жатыр. Қызығы, бұл жобаларда жеңіске жеткендер – негізінен ресейлік компаниялар. Барлық құрылыс материалын Ресейден тасымалдайды. Ал бізде дәл сондай өнім шығаратын зауыттар бар. Бірақ сіз ол туралы білмейсіз, себебі ол жерлерге ешқашан барып көрмегенсіз. Маған сізге Ресейден немесе Өзбекстаннан сатып алған тиімдірек сияқты көрінеді. Неліктен сіз шетелдік компаниялардың мүддесін қорғап, отандық өндірісті қолдамайсыз? – деп сұрады журналистер Қуандық Қажкеновтен.

Қажкенов өз кезегінде министрлік тарапынан қандай да бір лоббилеуді жоққа шығарды. Сонымен қатар ол ведомство "Құрылыстағы бірыңғай портал" әзірлеп жатқанын атап өтті. Бұл жүйе құрылыс нысанының өмірлік цикліне қатысты барлық кезеңді – жоспарлаудан бастап жобалау, сараптама және құрылысқа дейін – қамтиды. Яғни бүкіл процесс ашық әрі нарық қатысушыларына қолжетімді болады.

Алайда бұл жауап журналисті қанағаттандырмады. “Өтірік айтып тұрсыз” деді ол Қажкеновке. Журналист вице-министрді құрылыс алаңдарына арнайы барып көруге шақырды. Мақсат – ресейлік өндірушілердің монополиялық жағдайын көзбен көрсетіп дәлелдеу. Қуандық Қажкенов шақыруды қабыл алды, бірақ нақты қай күні баратынын айтпады. Ол күнтізбесінің тығыздығын алға тартты.

Серіктес жаңалықтары