×
516.16
584.86
6.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.16
584.86
6.25

Қытайдың ірі компаниясы Қазақстандағы көмір кен орындарының үлесін сатып алмақ

Бүгін, 14:17
Қытайдың ірі компаниясы Қазақстандағы көмір кен орындарының үлесін сатып алмақ
Ұлысмедиа коллажы

Қытайдың China Energy және East China Engineering and Technology атты екі компаниясы Қазақстанның көмір нарығына кіреді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтің бүгінгі отырысында жаңа перспективті бағыт ретінде көмір-химиясы секторын дамыту пысықталып жатқанын хабарлаған еді. Оның сөзінше, еліміздің ауқымды көмір қорларын ескере отырып, бұл  бағытта даму – шикізаттық модельден  бас тарту мен қосылған құнды арттырудың негізгі жолы ретінде белгіленген. Осы мәселе бойынша өндірісі жоғары дамыған қытайлық инвесторлармен, атап айтқанда China Energy және East China Engineering and Technology сияқты ірі компаниялармен жұмыстар жүргізіліп жатыр.

ҚЫТАЙ КОМПАНИЯЛАРЫ ҚАЗАҚСТАНДА НЕМЕН АЙНАЛЫСАДЫ

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Паңбаевтың сөзінше, қазір екі компаниямен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Оның сөзінше, Қазақстанда көмір қоры 33 млрд тоннадан асады, яғни қазіргі өңдеу деңгейімен қарағанда 300 жылға жетеді.

Көмір жылу орталықтарында жағу ғана емес, өңдеп алу мәселесі де көзделеді. Көмір химиясы деген бөлек сала бар. Сол салада алғашқы болып екі компаниямен келіссөздер басталды. China Energy көмірден карбомит мен аммиак алуды жоспарлап отыр. Сондай технологиялары да бар. Инвестиция көлемі белгіленген. Наурыз айында Қазақстанда өз өкілдігін ашты. Бұларға жаңа кен орнын беру мәселесі әлі қарастырылып жатқан жоқ. Бірақ ол компания Қазақстандағы қолданыстағы кен орындарымен келіссөздерді жүргізіп жатыр. Соларға еншілес болып кіріп, бір бөлігін сатып алу туралы, – деген ол келіссөздер бітпегендіктен қытай инвесторлары нақты қай кен орындарының үлесін сатып алатынын айта алмады.

Паңбаевтың сөзінше, East China Engineering and Technology компаниясы келіссөздер өз мәресіне жеткен. Олар бойынша техникалық-экономикалық негіздерді әзірлеуге шарттар жасалды. 

Ол Қаражыра кен орнының көмірлерін сатып алып, соны өңдеп, соның негізінде аммиак пен карбомит алу мәселесі қарастырылып отыр. Ол жерде 250 мың тонна көмірді өңдеп, 400 жұмыс орнын ашып, 300 млн АҚШ долларына жуық инвестиция салу көзделген. Бұл жерде кішкене жоба ілгерілеген, – дейді ол.

Паңбаев айтқан алғашқы жоба әлі келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары