Қазақстандықтардың осыдан бірнеше жыл бұрынғыдай банктегі қарыздары кешіріле ме? Бұл сұрақты Сенат кулуарында Ulysmedia.kz тілшісі қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатовқа қойды.
ҚИЗАТОВ НЕ ДЕЙДІ
Ол енді кешіру-кешірмеу мәселесі қаржы ұйымдарының жеке өз шешімі. Қазір жұмыс істеп жатырмыз. Қазір сізге банктердегі қанша адамның қарызы кешірілетінін немесе кешірілмейтінін айта алмаймын. Бірақ ол бағытта жұмыс жасап жатырмыз, – деді ол.
“Жұмыс істеп жатырмыз” деген сөзді портал тілшісі агенттік өкілінен тереңірек түсіндіріп беруді өтінді.
Қарыз алушылар да әртүрлі болады ғой. Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылғандары бар. Зейнеткерлер, жалғызбасты аналар мен мүгедектігі бар азаматтар бар. Қаржылық жағдайы қиындап, кредит төлей алмай жатады. Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтарды көріп отырмыз. Микроқаржы ұйымдарымен жұмыс істеп жатырмыз. Нақты төлей алмаса, банктер мен микроқаржы ұйымдары қарызды сызып тастау үшін жұмыс істеп жатырмыз, – деді ол.
НЕСИЕ АЛМАС БҰРЫН НЕНІ ЕСКЕРГЕН ЖӨН
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микрокредит алмас бұрын бірнеше маңызды жайтты ескеру керектігін бұған дейін хабарлаған еді.
Біріншіден, МҚҰ лицензиясын тексеру қажет. Қазақстанда микрокредиттерді тек ресми тіркелген микроқаржы ұйымдары бере алады. Компания атауында «микроқаржы ұйымы» деген тіркес болуы керек, сондай-ақ оның лицензиясын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтынан тексеріңіз.
Екіншіден, шарттарды мұқият оқу қажет:
Үшіншіден, уақытында төлем жасамау айыппұлдары туралы ұмытпаңыз. Әр кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі, бірақ ол қарыз сомасының 0,5%-нан аспауы керек.
МАҢЫЗДЫ!
МҚҰ кейде келісімшартқа ақылы қызметтерді (мысалы, сақтандыру немесе кеңес беру) енгізеді. Қосымша шығындарға ұшырамау үшін анкетаны және келісімшартты мұқият тексеріңіз. Төртіншіден, қарызды өтеу тәсілдеріне назар аударыңыз. Кейбір микрокредиттер (50 АЕК-ке дейін) барлық соманы бірден қайтаруды талап етеді. Шарттарын нақтылап, өзіңізге ыңғайлы төлеу әдісін таңдаңыз. Егер сізде микроқаржы ұйымымен микрокредит бойынша дау туындаса, сіз микроқаржы омбудсманына жүгіне аласыз. Микроқаржы омбудсманы – бұл қарыз алушылар мен МҚҰ-ға өзара тиімді шешім табуға көмектесетін, дауларды ақысыз қарайтын тәуелсіз тұлға.