×
516.16
584.86
6.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.16
584.86
6.25

Ресей Байқоңырды Қазақстанға мерзімінен бұрын қайтаруы мүмкін — БАҚ

Ресей Байқоңырды Қазақстанға мерзімінен бұрын қайтаруы мүмкін — БАҚ
finobzor.ru

Ресей билігі Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалануды мерзімінен бұрын тоқтатуды талқылап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Telegram-дағы INSIDER-T арнасы «ақпараттан хабардар дереккөздерге» сілтеме жасай отырып, Ресей тарапы Қазақстанмен жасалған Байқоңырды пайдалану туралы келісімді мерзімінен бұрын бұзу мүмкіндігін қарастырып жатқанын жазады.

ШЕШІМ ҚАШАН ҚАБЫЛДАНУЫ МҮМКІН

Басылым дерегінше, ғарыш айлағын Қазақстанға қайтару туралы шешім 2026 мен 2028 жылдар аралығында қабылдануы ықтимал. Бұл бастама жоғары деңгейде мақұлданып, Сыртқы істер министрлігі мен "Роскосмос" сынды негізгі мемлекеттік органдарға жеткізілген көрінеді.

– Қазір Байқоңыр аумағы 2050 жылға дейін Ресей мен Қазақстанның бірлескен басқаруында. Алайда Кремль қазіргі таңда өзге ғарыш айлақтарының қуаты жеткілікті деп есептейді. Сондықтан Қазақстанмен бірлескен жобадан және Байқоңыр ғарыш айлағын, сондай-ақ аттас қаланы қаржыландырудан толық бас тартуға болады деп санайды, – делінген жарияланымда.

Айта кетейік, әзірге екі елдің ресми мекемелері бұл ақпаратты растамады және пікір білдірген жоқ.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Ресей Байқоңырды жалға алғаны үшін Қазақстанға 2025 жылы қанша төлейтінін жазған едік. 

– 2025 жылға арналған республикалық бюджетте Ресейден «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 54 млрд теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 9,4 млрд мың теңге сомасында жалдау төлемақылары түсiетіні көзделсін, – делінген құжатта.

Бұл тек бюджеттің жобасы. Жыл соңына дейін оған өзгерістер енгізілуі мүмкін. Түпкі қаражатты желтоқсанда бюджет қабылданған кезде көруге болады.

Серіктес жаңалықтары