×
518.53
588.17
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.53
588.17
6.39

«Бізсіз төңкерісті де тоқтата алмағансыңдар»: ресейліктің кофеханасы дауға ілікті

Бүгін, 08:18
«Бізсіз төңкерісті де тоқтата алмағансыңдар»: ресейліктің кофеханасы дауға ілікті

Елордадағы Street Coffee кофеханасы әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан үлкен сынға ұшырады. Бірақ олар желі қолданушылары таққан айыптауға мүлде қатысы жоқтығын хабарлайды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Мәселе ресейлік кәсіпкер Евгений Глинскийге тиесілі Smart Coffee желісінен басталған. Бұл компания қазақстандық қоғамның наразылығын туғызды. Глинскийдің 2022 жылы Қаңтар оқиғасына қатысты резонансты мәлімдемесінен кейін оны бәрі қатты сынаған еді.

ГЛИНСКИ НЕ ДЕДІ

Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарында “Жеңістің 80 жылдығына орай Путин Украинамен бітімге келгісі келетінін хабарлады” деген ақпарат шыққан. Глинскидің соның астына былай жазған:

Енді оны атпен күтіп аласыңдар ма? Сіздер тіпті бізсіз мемлекеттік төңкерісті де тоқтата алмадыңдар ғой) жауынгерлер, – деп жазған ол.

Жағдайды ушықтырған нәрсе – Smart Coffee-нің Instagram парақшасының атауын күтпеген жерден @streetcoffee_world деп өзгертуі болды. Әлеуметтік желі қолданушылары мұны елордалық Street Coffee брендімен шатастырып, қазақстандық кофехананың парақшасына жаппай наразылық білдіріп, жағымсыз пікірлер мен айыптаулар жаза бастады.

Street Coffee бұл жағдайға ресми түрде жауап беріп, өздерінің Евгений Глинский не Smart Coffee желісімен еш байланысы жоқ екенін мәлімдеді.

«Street Coffee» атауы – біздің тіркелген тауарлық белгіміз, және бұл мәселе бойынша заңгерлер жұмыс жүргізіп жатыр. Пайдаланушылардан жалған ақпаратқа бой алдырмай, қате пікірлерді өшіруді сұраймыз», – деді компания өкілдері.

Серіктес жаңалықтары