×
518.53
588.17
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.53
588.17
6.39

Қазақстандық қызанақтардан қауіпті вирус анықталды

Қазақстандық қызанақтардан қауіпті вирус анықталды
Ашық дереккөзден

Қазақстан мен Ресей шекарасында 17 тонна өнімнен вирус анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Ресейдің Алтай өлкесіндегі ФГБУ «ЦОК АПК» (Агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын бағалау федералдық орталығы) филиалы Қазақстаннан жеткізілген 17 тонна қызанақтан жемістің қоңыр әжім вирусын (Tomato brown rugose fruit virus, ToBRFV) анықтады. Бұл вирус өнімнің 80%-ына дейін жойып жіберуі мүмкін. Анықталған жағдай туралы ақпарат тиісті шара қабылдау үшін Россельхознадзорға берілді.

ВИРУС ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ

ToBRFV вирусы алғаш рет 2014 жылы Израильде тіркелген. Кейін ол өзге елдерге таралған. Ауру өсімдіктің жапырақтарында мозаикалық өрнектер, сарғая бастаған дақтар және жеміс пішінінің бұрмалануын тудырады. Вирус құрал-саймандар, киім-кешек және тозаң таратушылар арқылы жұғады, бірақ адам денсаулығына қауіп төндірмейді.

Қазіргі таңда бұл вирусқа төзімді сұрыптар жасалмаған, ал қалыпты зарарсыздандыру тәсілдері тиімсіз. Сол себепті қатаң карантин талап етіледі: зақымданған өсімдіктерді жою және тазалықты мұқият қадағалау қажет.

ЖАУАПКЕРШІЛІК

Фитосанитарлық ережелерді бұзу 500 мың рубльге дейін (шамамен 3 млн теңге) айыппұл салуға және кәсіптің уақытша тоқтатылуына әкелуі мүмкін. Егер вирус қоршаған ортаға тарап, ауыл шаруашылығына зиян келтірсе, қылмыстық жауапкершілік те қарастырылады.

Серіктес жаңалықтары