×
518.53
588.17
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.53
588.17
6.39

"Германияда қазақ тілі құрметке ие". Желідегі видео Қазнетті тәнті етті

"Германияда қазақ тілі құрметке ие". Желідегі видео Қазнетті тәнті етті
фото: aigak.kz

Германияда түсірілген видео қазақтілді қазақстандықтардың көңілін көтеріп, неміс халқының мемлекеттік тілімізге деген құрметін айқын көрсетіп берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Видео, болжам бойынша, вокзал немесе метро станциясында түсірілген. Жерасты өткелінің кіреберісінде түрлі тілдерде жазылған сәлемдесу сөздері көзге түседі. Олардың қатарында қазақ тіліндегі жазу да бар:

– Қош келдіңіз, – деп жазылған маңдайшада.

Видеоны түсірген автор сәлемдесудің орыс тілінде жазылған нұсқасын көрмегенін атап өтті.

ҚАЗНЕТ РЕАКЦИЯСЫ

Желі қолданушылары бұл видеоны жылы қабылдады. Көптеген пікірлерде: «Бұл – алғыс айтқан немістердің ілтипаты» деген пікірлер жазылған.

Басқалар өткенге ой жүгіртіп, кезінде Қазақстанда ондаған мың этникалық немістің тұрғанын еске алды. Олардың көпшілігі кейін тарихи отанына оралса да, Қазақстан туралы жақсы естеліктерді жүректерінде сақтап қалған.

Серіктес жаңалықтары