Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» алаңында ұлы жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ШАРАҒА КІМ ҚАТЫСАДЫ
Салтанатты іс-шараға елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қатысады.
ШЕРУДІ ҚАЙДАН КӨРУГЕ БОЛАДЫ
Әскери шеру сағат 10.45-тен бастап елордада және барлық облыс орталығында LED-экрандар мен республикалық телеарналардан, сондай-ақ Facebook, YouTube, Telegram әлеуметтік желілеріндегі Ақорданың ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.
2,5 МЛРД
Еске салайық, қорғаныс министрлігі Жеңістің 80 жылдығына орай әскери шеру өткізетінін мәлімдеген болатын. Әскери парадқа 2,5 млрд теңге бөлінді.
АСТАНАДАҒЫ ПАРАД
Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті басшысының орынбасары Виталий Адамович әскери шеру 7 мамыр күні Астанада өтетінін мәлімдеді. Шеру Тәуелсіздік алаңында, «Қазақ Елі» монументінің алдында өтеді және үш кезеңнен тұрады.
- Бірінші кезең – тарихи және заманауи бөлімдерден тұратын жаяу әскер саптарының шеруі. Екінші кезең – механикаландырылған колонналардың жүруі, ол да тарихи және заманауи бөлімдерден тұрады. Үшінші кезең – авиацияның әуеде шеруі, деді Адамович.
ПАРАДТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ НЕДЕ
Биылғы шерудің ерекшелігі – Ұлы Отан соғысы кезіндегі әскери формада сап түзеу.