×
514.5
582.67
6.35
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.5
582.67
6.35

Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі Ресей мен Украинадан төмен болып шықты

Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі Ресей мен Украинадан төмен болып шықты
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі Ресей мен соғыс жағдайындағы Украинадан да төмен бағаланған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙТИНГ

Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі ең дамыған елдердің рейтингінде Қазақстан 89 мемлекеттің ішінде 54-орынға тұрақтаған. Бұл көрсеткіш finprom деректеріне сүйеніп, халық арасында жүргізілген сауалнама негізінде жасалған.

Ең үздік денсаулық сақтау жүйелері Швеция, Дания, Германия, Финляндия және Швейцарияда деп танылды. Ең әлсіз жүйелер Панама, Зимбабве және Чилиде тіркелген.

ТМД елдері арасындағы жағдай келесідей:

– Ресей – 29-орын,
– Әзербайжан – 50-орын,
– Украина – 51-орын,
– Беларусь – 56-орын,
– Өзбекстан – 67-орын.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕДИЦИНА

Сәуірде Қазақстандағы медициналық қызмет бағасы жылдық есеппен 14,8 пайызға өскен. Атап айтқанда:

  • аурухана қызметтері – 20,7%-ға,
  • амбулаториялық қызметтер – 14,3%-ға қымбаттаған.

Оның ішінде:

  • парамедициналық қызметтер – 17,6%,
  • стоматологиялық – 14%,
  • жалпы медициналық қызметтер – 12,7% өсім көрсеткен.

Медикаменттер мен емдеу құралдарының бағасы да көтерілген:

  • жалпы өсім – 12,1%,
  • емдеу құрылғылары – 34,1%,
  • дәрі-дәрмек – 7,5%,
  • өзге медициналық тауарлар – 2,7%.

ӨҢІРЛІК АЙЫРМАШЫЛЫҚ

Бағаның ең жоғары жылдық өсімі Атырау облысында тіркелген – 20,6%. Одан кейін Алматы (18,7%), Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары (әрқайсысында 18%) тұр. Ең төмен өсім Маңғыстау облысында байқалды – 3,9%.

ҚИЫНДЫҚТАР

Ресми мәліметтерге сәйкес, әрбір оныншы қазақстандық медициналық қызметке қол жеткізуде қиындықтарға тап болады.

Серіктес жаңалықтары