Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Қазақстан президенті бүгін Мәскеуде бірқатар шет мемлекет басшыларымен кездесу өткізеді.
2025 жылы 9 мамырда Мәскеуде Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толуына арналған Жеңіс шеруі өтеді. Іс-шараға жоғары лауазымды ресейлік әскери шенділер мен саясаткерлерден бөлек, ең алдымен ТМД елдерінің көшбасшылары қатысады.
Бұған дейін, 28 сәуірде, Кремль Ресей президенті Владимир Путиннің шешімімен 7 мамыр күнгі 00:00-ден 11 мамыр күнгі 00:00-ге дейін Жеңістің 80 жылдығына орай біржақты бітім орнатылатынын жариялаған болатын.
Кейінірек Владимир Зеленский Украина 9 мамырда Мәскеуге баруды жоспарлаған шетелдік делегациялардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік алмайтынын мәлімдеді.