×
516.01
582.47
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.01
582.47
6.26

Cиноптиктер атыраулықтарға ескерту жасады

Бүгін, 10:11
Cиноптиктер атыраулықтарға ескерту жасады
Ulysmedia

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Атырау тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мамандар ауаның ластануы мүмкін екенін айтып отыр.

— 2025 жылғы 10 мамырда Атырауда түнде ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Мұндай жағдайлар кезінде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • Далада ұзақ уақыт болудан, әсіресе автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында, аулақ болу;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Созылмалы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
  • Далада физикалық белсенділікті шектеу, спортпен жабық ғимараттарда айналысу.
Серіктес жаңалықтары